тіл арқылы үйренеді. Қазақ халқы да ежелден шешендікке эуес, тіл өнеріне жетік халық, тіл өнерін басқа өнерден кем санамай- ды. Осыған орай қазақ халқы тіл өнерінің небір әсем кестелерін, орасан көп тіл байлықтарын тудырды. Соларды игеру, халықтың тіл байлығына мұрагер болу - ана тілін ардақтайтын азаматтың ісі», - деп орынды атап өткен. Сөз мәдениеті үшін күрес - тіл мәдениеті, сайып келгенде, тіл тазалығы, ой дэлдігі үшін күрес. Осы кезекте орыс жазушысы А.М. Горький: «Тіл тазалығы үшін кү- рес - мәдениет құралы үш ін күрес», - десе, жазушы Ғ. Мүсірепов: «М эдениеттілік пен әдептің белгісі жақсы сөйлеуден баста- лады», - деген пікірге тоқталады. Тіл - халықтың сан ғасырлық санасы мен зердесінен сүзіліп өтіп, шыңдалудан танбаған, тарихтың жауындары мен дауыл-