жағынан өсуін айқындайды. Оның жағымды жағы - БАҚ-тың жаңа түрлерінің көбею інде. Соның арқасында ақпараттың жеделдігі артты, туындылардың мазмұны, шеберліктері жетілдірілді. Ал, оның кері әсері де бар. Ақпарат айдынында бейберекеттілік орын алды. Сапасыз газеттер көбейіп, арзанқол материалдармен кэсіби журналистиканың беделін түсіре бастады. Соңғы төрт-бес жылдың көлемінде елімізде қаптаған сары басылымдар сапасыз газет-журналдар көбейді. Техника мен ғылым дамыған қазіргі кезеңде қарапайым оқырман сапасы төмен, құндылығы саяз, саңырауқұлақтай қаптаған сары басылымға ерекше көңіл бөліп, рухани тәлім-тәрбиесі мол төл басылымдарды шетке ысырып қойды. Ә сіресе, ондай басылымдар халық көп жүретін сауда орын- дарында, бекеттерде көп сатылып жатады. А л еліміздегі республикаға тарайтын кейбір басылымдар