108 Ж а қ с ы л ы қ б а е в а Р.С. Журналист этикасы тап, хабар аяқталарда: «Эфирде келесі кездескенше, сау-сала- матта болыңыздар!» «Қош-сау болыңыздар!» дегендей жағымды сөздермен қоштасып жатады. Эфирдегі жүргізушінің эрбір сөзге мэн беріп, өң кіргізіп, жүргізе білуі де - әдептіліктің бір үлгісі. Мәселен, «Хабардағы» Нұртілеу Иманғалиұлының «Бетпе- беті», «Қазақстан» телеарнасының эфирінде берілген Қасым Аманжолдың «Шынның жүзі», Жұмабай Шаштайүлының «Үзеңгі жолдасы» тұлға портретін ашып беруден бастап, қоғамды толғандырған барлық тақырыптарды жайып салуға ұмтылған салмақты да салиқалы хабарлар болып, өз аудиториясын қалыптастырды. Көпшіліктің көңілінен шыққан бұл сұхбаттардың әрқайсысының көтерер жүгі де әр басқа болды.