1. Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады. 2. Әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға жэне таратуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиясы болып табылатын мә- ліметтер тізбесі заңмен белгіленеді. 3. Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өз- гертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, элеуметтік, нэсілдік,ұлттық, діни, тектік- топтық жэне рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді. 39-бап 1. Адамның жэне азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тэртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен