жэне өндірістік даму үшін қажетті, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін іс-қимылдарды жүзеге асырады. 19- бап. Концерттік үйымдар Концерттік ұйымдар біртұтас жүйе кұрайды, оның үйлестіруші орталығы Қазақстан Республикасының уэкілетті мемлекеттік органы болып табылады. Концерттік ұйымдар өнер мен мәдениет туындыларын, сондай-ақ орындаушы ұжымдар мен жеке орындаушылардың шығармашылығын кең таратуға тиіс. Концерттік ұйымдар шығармашылық багдарламалар жүргізу мен репертуар таңдауда дербес болады. 20- бап. Шығармашылық ұжымдар мен орындаушылар- дың гастрольдік қызметі Шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың Қазақстан Республикасы аумағында шарттар негізінде тікелей байланыстар арқылы гастрольдер өткізуге құқығы бар.