мінезден ауыр нәрсе болмайды», - деді. Хадисті Ә бу Дарда (р.а.) риуаят етті. Расулуллаһқа (с.ғ.с.) біреу жамандық істесе, Ол (с.ғ.с.) кек алудың орнына ол адамды кешіріп, Аллаһ тағаладан оны дүрыс жолға бастауын тілеп, жақсылық сұрайтын. Әдепті адамдар - қоғамның баға жетпес байлығы эрі мәртебесі. Қай қоғамда да әдеп жолға қойылса, сол қоғамның абыройы - жоғары. Егер қоғамда эдепсіздік етек алса, жақсылық атаулының сағы сынады. Әдептілік адамның өзімен бірге өсіп, жетіледі, оған айналасындағы адамдар, қоғам, отбасы, мектеп эсер етеді. Сондықтан, адамның әдептілігі оның адамдар арасындағы жүріс- тұрысынан, басқалармен карым-қатынасынан көрінеді. Әдептілік сенімдері мен өлшемдері кісіліктің шарапатты негіздері, рухани ұйытқысы эрі мәйегі болып табылады.