Би көшпелі қоғамда қашанда билік басынан ажырамаған тұлға, хан кеңесшісі қызметін атқарды. Бұл - «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы - Майқы би» деп аталатын замандарда өмір сүрген Майқы биден бері үзілмей келе жатқан көшпелі қоғамның көп өзеріске ұшырамаған құқықтық дэстүрлі институты. Мөңке би өз бол- жамдарын жүйелеп, хатқа түсіре алған жоқ. Дегенмен, көшпелі тірліктің тіні бұзылмаған қоғамда өмір сүрген ол заман аңысын аңдап, оның кескін-кейпін дэл болжай білген. Мөңкенің ел ара- сында кеңінен тараған мына бір толғауы да бүгінгі заман келбетін дэл беріп тұрғандай: «Кұрамалы-корғанды үйің болады,
Айнымалы, төкпелі биің болады.
Халыққа бір тиын пайдасы жоқ,
Ай сайын басқан жиын болады.
Домалақ-домалақ түймедей дэрің болады,
Жастарға билігі жүрмес кэрің болады.
Алашұбар тілің болады,
Дүдәмалдау дінің болады,
Әйелің базаршы болады,
Еркегің қазаншы болады.
Сарылып көлік тосасың,
Кұны жок кағазды судай шашасың...»