немесе «дэрежені көтеретін үш нәрсе: 1. Сэлемді ашық, дауыс- тап беру. 2. Аш адамға тамақ беру. 3. Тунде адамдар ұйықтап жатқанда намаз оқу» деген хадистерде пайдалы ілімдер ж үйесін байқауымызға болады. Адам баласының қоғамда бағалануы, ардақталуы адамгершілік қасиеттеріне байланысты. Ол айналасындағыларға қайырымды, адал болып, бүкіл қарым-қатынастарын адамдық түрғысынан реттейтін болса, қоғамдағы сыйлы бағасын да, орнын да иемденеді. «Әлбетте, Аллаһ Тағала сіздердің дене-бітім деріңізге, яки келбет- пішімдеріңізге назар салмайды, бірақ сіздердің жүректеріңізге, атқарған істеріңізге қарайды», - деген хадистің астарына үңіліп көріңізші. Тағы бірнеше хадистерден мысал келтірсек: «Әр нәрсенің кілті бар: жаннаттың кілті - адалдық, пәктікте; тозақтың кілті - арамдық», «Сауабы тиетін іс істегенде куаныңыз, күнэ