қықтарын қорғап, жеке басын қүрметтеуі тиіс. Адамдардың жеке құқықтарына Конституцияда кепілдік берілген: «Қазақстан Рес- публикасы адамды, оның өмірін, бостандығы мен ажырамас қүқығын ең қымбат қазына деп таниды жэне өз қызметін азамат пен қоғам мүдделері үшін жүзеге асырады» немесе: «Адамның жэне азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғуға бол- майды» (Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1993. 5 б.). Даулы мәселелер туралы жазғанда журналист өте сақ, әдепті болуға тиіс, кінәсі анықталған азаматтар жөнінде ақпарат жариялаған кезде де сөздерді таңдап, неғұрлым сыпайы болғаны дұрыс. Баспасөз зерттеушісі В.М. Теплюк бұл туралы былай жа- зады: «Журналист ең алдымен, өзінің материалдарымен соттың шешімін ауыстырмауға, одан озып кетпеуге, кінэсі анықталмаған