жұмыстардың бірі болып табылады. Көптеген елдерде журналис- тер қуғын-сүргінге ұшырап, мерт болып та жатады. Сондықтан да, БАҚ-тың өкілдері бірін-бірі қолдап, көмек көрсетіп, қамқорлық жасап, ынтымақтас болуы керек. Журналистер өз мамандығына кір келтірмей, оған деген сенімсіздік туғызбау үш ін бір-бірімен ақылдасып, тәжірибе бөлісіп отырса жөн болады. Егер де журна лист әдепсіздік немесе тағы басқа тәртіпсіздік жасаса, эріптестері оны жазалауға, айыптауға, жөнге салуға тиіс, өйткені дана халық айтқандай, «Бірдің кесірі мыңға тиеді». 1948 жылы Біріккен Ұлттар ¥йымының Бас Ассамблеясы қабылдаған «Адам қүқықтарының жалпыға бірдей декларация- сы» дүниеж үзінде жоғары бағаланды. Бізде бұл Декларация тек тоталитарлық жүйе жойылған соң ғана мойындалып, баспасөз