сенімді нығайтады. Журналистердің кәсіби этикасы журналисті тиісті халықаралық келісімдер, декларациялар мен резолюциялар- ды білуді міндеттейді. 1990 жылдары орыс тілді баспасөзде шовинистік бағыттағы, орыс пен қазақ арасына өрт салуды мақсат ететін материалдар да өте көп жарияланды. Мысалы, «Казахстанская правда» газетінде Г. Черкасовтың «Давайте уважать родной язык» атты мақаласы жарияланып, орыс тілді азаматтарды қазақтың жер атауларын орыс тіліне лайықты етіп атауға шақырады. Автор Алма-Ата деген атаудың «Алматы» деп өзгертілгенін ұнатпайды. О л былай жазады: «...Город Усть-Каменогорск основали русские. Со временем здесь стали жить казахи. И по законам своего языка стали называть его Оскемен...». Сонда Г. Черкасовтың пікірінше, қазақтар өз жерінің аттарын қазақша, ал, орыстар орысша атай беруге тиіс. Оның