басқа сөздермен байланысын да тексеріп отыру қажет. Көп жағдайда лексикалық тұтастык пен сөйлем бірлігіне назар ау- дарылады. Ал, сөйлемнің синтаксистік құрылымынан қате кет- се, тіпті ақпарат, айтылар ой мағынасы өзгеріп кетуі де мүмкін. Жарнама тілінің кемшін тұстары, стилистикалық қателер көп қырлы. Олар жарнаманың ақпараттылығы мен әсерін төмендетіп, оқырман қабылдауына кедергі келтіріп, тіпті кері әсерін туғызуы ықтимал. Дұрыс, орынды, анық сөз - жарты табыс. Егер журналист стилистикалық қүралдарды жарнаманың өзіндік табиғатына сай дұрыс қолдана білсе, оның тиімділігі әлдеқайда жогары болмақ. Жарнама мысалы көп. Бір мысал: «Егер спортшы жетістікке жетем десе, жақсы спорттық формасында болуы керек» (Спорт киімдері сататын дүкен жарнамасы). Кейде аударма сөздер де