өтірік айтуға, жалған ақпарат таратуға, әдептен озуға еш құқығы жоқ. Өйткені журналист эдебі, сөз мэдениеті оның жазбасынан көрініс тауып тұрады. «Терең өзен тынық ағады, білімді адам бай- ыпты келеді», - дегендей парасатты, ақылды журналист ешқашан асығыс мақала жазбайды жэне ешқашан қателесуге тиіс емес. Керісінше, қарапайым эрі терең, шебер жазылған ойлы мақалалары арқылы елді елең еткізіп, толғандырып отырады. Жоғары білікті, терең ойлы, ары таза, әдебі мығым журналист қана оқырманын шын сөзімен сендіре алады. Ал, шындықты жасырып, бос сөз қуып, жалған айтып, жалтақтаған мақала кездесіп жатса, оны жазған журналистің эдебіне - сын. Ендігі кезекте көгілдір экрансыз күніңді елестету мүмкін емес деген көпшіліктің ережесіз қағидасын ескере отырып, бүгінгі