таңдағы телеарналар қалың бұқараға қандай бағдарлама ұсынуда деген сұраққа жауап іздеп көрсек. Кезінде «Қылкөпір» деген бағдарлама арқылы бақсы мен балгердің, емші мен тэуіптің қызу тартысы «31-арнадан» көрсетілгенін білеміз. Ондағы үрейлі әуен, бақсы-балгерлер, көріпкелдердің сезген-білгендерін басқа бөлмеде болжау керектігі мен бағдарлама жүргізушісінің сөйлеу ырғағынан «НТК»-дағы «Битва экстрасенсов» бағдарламасының тікелей көшірмесі екенін аңғаруға болады. Сондай-ақ, осыған ұқсас «СТВ» телеарнасынан «Узнай свою судьбу» бағдарламасы беріліп жүр. Түнгі уақытта эфирге шығатын бұл телебағдарламаның мақсат- мүддесінің қандай екендігін білу қиын. Бейбіт Бөженнің «Айқын апта» газетінде (27 қараша, 2007) жарык көрген «Балгерлердің бағдарламасы керек пе?» атты мақаласы осы бағдарламаға