жазады, міне, осы талаптарда сай жазылған материал газеттің хабар жанрының бір түрі - интервью болып табылады», - деп анықтама берсе, (Т. Амандосов, Қазақ Совет баспасөзінің жанрлары. 1968, 55 б.) сұхбаттың мақсаты жөнінде профессор Т.Қ. Қожакеев бы- лай деп жазады: «Интервьюдің мақсаты - қоғамдық маңызы зор бір мәселе, оқиға, тың бастама, қызықгы құбылыс жөніндегі соған қатысы бар, өзі араласқан беделді де білікті адамдардың, мамандардың пікірімен жұртшылықты таныстыру» (Т. Қожакеев, Жас тілшілер серігі. 1991. 64 б.). Журналист кәсібі қоғам қызығушылык тудыратын құбы- лыстарды халық атынан тергеуге құқылы етеді. Тақырып таңдау