101 мен мекен-жай табу, жарияланымның мақсатын айқындау мен фактілерді екшеп алу, кейіпкердің болмысын бағалау немесе оқиға табиғатын түсіну, материал құру ең басты міндеттерінің бірі болып табылады. Журналистің жұмысы бастан-аяқ моральдық қарым- қатынастар орнатумен тығыз байланыста, сондықтан қызметі өнегелілік сипатта болады. Журналист қоғам қайраткерлерімен не месе белгілі бір салада істеп жүрген озаттармен сан алуан мәселе- лер жөнінде әңгімелесіп, пікір алысады. Әрине, бұл эңгімелер мен пікірдің біздің өміріміз үшін маңызы мен қоғамдық-саяси мэні зор болуға тиіс. Әңгіме болып отырған мәселенің мэн-жайын жақсы білетін, болған оқиғаны дұрыс бағалай алатын адамнан сұхбат алу ақпарат қүралдары үшін өте бағалы нәрсе болып саналады. Фактілерді жинағанда, журналист түрлі ақпарат көздеріне: жеке