Алпысыншы жылдардың орта тұсында экранға жол тарт- қан, теледидарымыздың дәстүрлі дамуына көркемдігімен, бейнелілігімен ерекшеленген сұхбат жанрындағы бағдарла- малардың бірі - Сұлтан Оразалиннің «Сұхбат» хабары. Оны жасағанда автордың алдына қойған мақсаты қатары сиреп бара жатқан үлкен сөз зергерлері мен өнер адамдарының өзін, әңгімесін табиғи қалпында таспада қалдыру еді. Кезіндегі Сағат Әшімбаевтың «Парызы мен қарызы», қоғамның ащы шындығын ашына айтқан Шерхан Мұртазаның «Үлт пен сана- сы», өзіндік болмыс-бітімімен келіп қосылған Бейбіт Қүсанбектің «Өмір-өзен» хабары руханиятымыздың орны суымас ошағы болып тарихта қалды. Адамның өзін-өзі тәрбиелеуі, жетілдіруі - сұхбат алушы журналист үшін өте қажет міндет. Мінез-құлық тэртібін