жағдайын заң жүзінде бекітеді. Ежелгі Үндістандағы құқықгық ілім мифтік жэне діни көзқарастар түрінде қалыптасты. Брахманизм идеяларының алғашқы көріністері б.э.д. екі мындаған жылдықтағы «Веда» ескерткіштерінде кездеседі. «Веда» - «білім, кіріспе» (санскрит тілінде) деген ұғымды білдіреді. Қытай тарихында конфуцизм ілімі маңызды рөл атқарады. Оның негізін қалаған б.э.д. 551-479 жылдары өмір сүрген Қытай ойшылы Конфуций болды. Конфуцийдің этикалық-құқықтық жэне мінез-құлық нормалары мен міндеттері адам өмірінің барлық жағын қамтыған. Бұған дәстүр ережелері (ли), ата-ана- лар мен үлкендерге құрмет (сяо), адамдық қасиет (жэнь), адамдар қамқорлығы (шу), билеушіге адалдық (чжун), парыз (и) жэне т.б. жатады. Конфуций ілімінде: «Қайырымды адамның» негізгі сипат-