Іс-әрекет өнімдерін зерттеу. Психологиялық іс-әрекет нәтижелерінің фактілерін жинап талдау. Ойын, оқу, еңбек іс-әрекеттерінің өнімдерін зерттеу. Әлеуметтік өлшеу (социометрия) әдісі тұлғааралық қатынастарды зерттейді. Бұл әдісті балалар топтары мен ұжымдарын, олардың бағытын, ұжым, топ ішіндегі қатынастарды, ұжымның ішіндегі микротоптарды, ұжымдағы жеке мүшелердің алатын орнын (беделді, беделсіз, оқшауланған т.б.) зерттеу үшін пайдаланады. Әңгіме – зерттелінушіден тура немесе жанама, ауызша немесе жазбаша түрде оның іс-әрекеті туралы мәлімет алудың психологиялық әдісі болып табылады. Әңгіме – арнайы бағдарлама бойынша фактілерді жеке қарым-қатынас жасау барысында жинақтау. Анкета – арнайы бағдарлама бойынша фактілерді жазбаша сұрау барысында жинақтау. Өзін-өзі бақылау (интроспекция) – дегеніміз адамның өз-өзінде белгілі бір психикалық үрдістер мен сезімдеріне бақылау жасауы және суреттеуі Назарларыңызға рахмет!