P-элементтер



бет2/3
Дата11.02.2023
өлшемі3,54 Mb.
#67146
1   2   3
Байланысты:
P-элементтер

Хлор (лат. Chlorum; Cl) — элементтердің Менделеев кестесінің VІІ тобындағы химиялық элемент, атомдық нөмері 17, атомдық массасы 35,45; галогендер тобына жатады. Молекуласы екі атомнан (Cl2) тұрады; өткір иісті сарғылт, жасыл түсті улы газ; тығыздығы 0,3214 г/см3. Балқу t – 101°С; Табиғатта екі тұрақты изотопы (35Cl мен 37Cl) бар. Жасанды радиоактивті изотоптарының ішіндегі маңыздылары [34Сl(Т1/2 32,4 мин); 36Сl (Т1/2  3,08105 жыл); 38Сl(Т1/2 37,29 мин)] химиялық және биохимиялық процестерді зерттеуде пайдаланылады. Хлорды алғаш швед химигі К. Шелле пиролюзитті тұз қышқылымен әрекеттестіріп алған (1774). Жер қыртысындағы салмақ мөлшері 4,5102%. Хлор өте активті элемент, бос күйінде жанартау лавасында ғана, ал байланысқан түрінде тау жыныстарында, теңіз, мұхит, өзен суларында, өсімдік және жануарлар организмдерінде кездеседі. Химиялық белсенді, өте күшті тотықтырғыш:сутегімен реакцияласады,металдармен және бейметалдармен де реакцияласады: 3Cl2 + 2Fe = 2FeCl2 2Cl + Si = SiCl4 Суда және сілтілердің судағы ерітінділерінде дисмутацияланады: Cl2 + 2NaOH(суық) = NaClO + NaCl + H2O 3Cl2 + 6NaOH(ыстық) = NaClO3 + 5NaCl + 3H2O

Фтор (лат. Fluorum; F) — элементтердің периодтық жүйесінің VII тобындағы химиялық элемент, ат. н. 9, ат. м. 18,998; галогендер тобына жатады. Табиғатта тұрақты бір изотопы және жасанды жолмен алынған 5 радиоактивті изотопы бар. Фторды бос күйінде алғаш француз химигі А.Муассан алған (1886). Оның улылығы сондай — Фторды алумен айналысқан көптеген химик-ғалымдар (Г.Дэви, Т.Нокс, Д.Никлес, П.Луйэ) қаза тауып, ал А.Муассон мен Г.Нокс мүгедек болып қалған. Фтордың Жер қыртысындағы салмақ мөлшелері 6,25°10–2%, әр түрлі тау жыныстары мен тұзды құмдар құрамында шашыраңқы түрде кездеседі. Фтор — өсімдіктер мен жануарлар организмінің тұрақты құрамдас бөлігі.

Оттегі, кейде оттек (лат. oxygenium – қышқылды тудыратын; O) — элементтердің периодты жүйесінің VI-тобындағы химиялық элемент. Реттік нөмірі 8, атом массасы 15,999. Оттегі – химияның ең маңызды элементі және Жер бетіндегі көптеген тірі ағзалардың тыныс алуын қамтамасыз етеді. Оттегісіз біз бірнеше минут қана өмір сүре аламыз. Жасушалар мен талшықтар өмір тіршілігіне қажетті өздеріндегі энергияны босата отырып, органикалық заттарды тотықтыру үшін оттегіні пайдаланады. Оттегінің физиологиялық әсері өте көп қырлы, алайда, оның емдік әсерінде маңызды рөлді ағза талшықтардағы оттегі жетіспеушілігін орнына қайта келтіру қабілеті атқарады. Адам ағзасының барлық мүшелері мен талшықтары қалыпты жұмыс істеуі үшін біздің айналамыздағы ауаның құрамында кем дегенде 21% таза оттегі болуы керек. Үлкен қала – бұл өте жылдам өмір ырғағы (біз күн сайын энергия жоғалтамыз), газдалған ауа (созылмалы гипоксия)! Ірі мегаполис тұрғындарының оттегіне мұқтаждықтары орасан зор. Экологиялық ахуалдың жалпы деңгейде нашарлауы ірі қалаларда ауадағы таза оттегі мөлшері кейде 10-12%-дан артпауына алып келді. Осының салдарынан гипоксия (оттегі жетіспеушілігі) туындайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет