Көміртегі (лат. carboneum; С) — С әрпімен белгіленген және 6 атомдық нөмірі бар химиялық элемент. Көміртек адамзатқа көмір, күйе түрінде ерте заманнан белгілі. 1780 жылы А.Лавуазье көміртектің табиғатын зерттеді. Оған латынша «карбонеум» көмір деген атау 1827 жылы берілді. Бұл жер қыртысының 0,84 %-ын және атмосфераның 0,031 %-ын құрайды.Көміртегінің жалғыз элемент күйі де,басқа затпен қосылған күйі де пайдалы болып табылады. Гауһар, графит және көмір көміртегінің элементті түрлеріне жатады.Көміртегі литосферада минерал карбонаттары ретінде де кездеседі. Көміртек ағашты ауасыз ыдырату арқылы, органикалық заттардың көмірленуі нәтижесінде түзіледі.
Қорытынды:
Қорытындылай келе p- Элементтер ауыспалы валенттілік көрсетеді, сондықтан әр түрлі қышқылдар түзеді, элементтің тотығу дәрежесі өскен сайын қышқылдың күші артады p- элементтердің көбісі оттекті қышқылдар,және топ элементтері ғана оттексіз қышқылдар түзеді.