П компоненттерден


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет8/12
Дата31.12.2021
өлшемі26,9 Kb.
#21344
түріҚұрамы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
зертханалық жұмыс 14

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

1. Қаныққан, қанықпаған ерітінділер деген не?

2. Ерітінділер концентрацияларының түрлері;

3. Ерігіштік коэффициентінің мәні;



4. Ерігіштік қисығы арқылы қандай жағдайлар анықталады?

Практикалық сабақта және білім алушы оқытушы басшылығымен орындайтын (БОӨЖ) есептер мен жаттығулар

1. 8%-дық (масса бойынша) 5л (r = 1,075г/мл) ерітінді дайындау үшін қанша натрий сульфитін алады? Жауабы: 430г.

2. 25%-дық 1мл ерітіндіде 0,458г зат еріген болса, оның тығыздығы нешеге тең болады? Жауабы: 1,83г/мл.

3. 50%-дық 400г күкірт қышқылының ерітіндісінен 100г суды ұшырған соң, қалған ерітіндідегі күкірт қышқылының массалық үлесі нешеге тең болады? Жауабы: 66,7%.

4. Тұз қышқылының 9%-дық ерітіндісін алу үшін оның қ.ж. 67,2л көлемін судың қандай массасында еріту керек? Жауабы: 1107г.

5. 25%-дық КОН ерітіндісін алу үшін оның 1кг 50%-дық ерітіндісіне 20%- ды ерітіндісінен қанша қосу керек? Жауабы: 5кг.

6. 100 мл 20%-дық күкірт қышқылы ерітіндісіне (r = 1,075г/мл ) оның 5%-дық ерітіндісін алу үшін судың қандай көлемін қосады? Жауабы: 342мл.

7. 26%-дық КОН ерітіндісінің тығыздығы 1,24г/мл, оның 5л ерітіндісінде неше моль КОН болады? Жауабы: 28,7моль.

8. 5%-дық MgSOерітіндісін дайындау үшін 400г MgSO×7Н2О алынған. Пайда болған ерітіндінің массасын анықтау керек. Жауабы: 3,90кг.

9. 50г мыс(ІІ) купоросын 450г суда еріткенде алынған ерітіндідігі сусыз мыс сульфатының массалық үлесін анықтау керек. Жауабы: 6,4%.

10. 8%-дық (масса бойынша) CuSOерітіндісін алу үшін 25г CuSO×5H2O қанша суда еріту керек? Жауабы: 175г.

11.14,35г AgCl тұнбасын алу үшін қанша 2% -ті AgNOерітіндісі натрий хлоридінің артық мөлшерімен әрекеттеседі? Жауабы: 850г.

12. 15% -ті Н2SOерітіндісін алу үшін 400г суда қанша грамм күкірт(VІ) оксидін еріту керек? Жауабы: 57,1г.

13. 28% -ті ортофосфор қышқылын алу үшін 426г фосфор(V) оксидін судың қандай көлемінде ерітеді? Жауабы: 1664мл.

14. Аммиакті катализатор қатысында оттегінің артық мөлшерінде тотықтырғанда азот қышқылы мен су түзіледі. Суда еріген азот қышқылының массалық үлесін анықтау керек. Жауабы: 77,78%.

15. Егер w(Н2SO4) = 72% болса, одан а) 1кг; б) 1л алса, сонда ерітіндіде қанша масса күкірт қышқылы болады? Жауабы: а) 720 г; б) 1180,8 г.

16. 300 мл молярлы концентрациясы 0,2моль/л болатын ортофосфор қышқылын алу үшін қанша фосфор(V) оксидін суда еріту керек?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет