Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
1. Қаныққан, қанықпаған ерітінділер деген не?
2. Ерітінділер концентрацияларының түрлері;
3. Ерігіштік коэффициентінің мәні;
4. Ерігіштік қисығы арқылы қандай жағдайлар анықталады?
Практикалық сабақта және білім алушы оқытушы басшылығымен орындайтын (БОӨЖ) есептер мен жаттығулар
1. 8%-дық (масса бойынша) 5л (r = 1,075г/мл) ерітінді дайындау үшін қанша натрий сульфитін алады? Жауабы: 430г.
2. 25%-дық 1мл ерітіндіде 0,458г зат еріген болса, оның тығыздығы нешеге тең болады? Жауабы: 1,83г/мл.
3. 50%-дық 400г күкірт қышқылының ерітіндісінен 100г суды ұшырған соң, қалған ерітіндідегі күкірт қышқылының массалық үлесі нешеге тең болады? Жауабы: 66,7%.
4. Тұз қышқылының 9%-дық ерітіндісін алу үшін оның қ.ж. 67,2л көлемін судың қандай массасында еріту керек? Жауабы: 1107г.
5. 25%-дық КОН ерітіндісін алу үшін оның 1кг 50%-дық ерітіндісіне 20%- ды ерітіндісінен қанша қосу керек? Жауабы: 5кг.
6. 100 мл 20%-дық күкірт қышқылы ерітіндісіне (r = 1,075г/мл ) оның 5%-дық ерітіндісін алу үшін судың қандай көлемін қосады? Жауабы: 342мл.
7. 26%-дық КОН ерітіндісінің тығыздығы 1,24г/мл, оның 5л ерітіндісінде неше моль КОН болады? Жауабы: 28,7моль.
8. 5%-дық MgSO4 ерітіндісін дайындау үшін 400г MgSO4 ×7Н2О алынған. Пайда болған ерітіндінің массасын анықтау керек. Жауабы: 3,90кг.
9. 50г мыс(ІІ) купоросын 450г суда еріткенде алынған ерітіндідігі сусыз мыс сульфатының массалық үлесін анықтау керек. Жауабы: 6,4%.
10. 8%-дық (масса бойынша) CuSO4 ерітіндісін алу үшін 25г CuSO4 ×5H2O қанша суда еріту керек? Жауабы: 175г.
11.14,35г AgCl тұнбасын алу үшін қанша 2% -ті AgNO3 ерітіндісі натрий хлоридінің артық мөлшерімен әрекеттеседі? Жауабы: 850г.
12. 15% -ті Н2SO4 ерітіндісін алу үшін 400г суда қанша грамм күкірт(VІ) оксидін еріту керек? Жауабы: 57,1г.
13. 28% -ті ортофосфор қышқылын алу үшін 426г фосфор(V) оксидін судың қандай көлемінде ерітеді? Жауабы: 1664мл.
14. Аммиакті катализатор қатысында оттегінің артық мөлшерінде тотықтырғанда азот қышқылы мен су түзіледі. Суда еріген азот қышқылының массалық үлесін анықтау керек. Жауабы: 77,78%.
15. Егер w(Н2SO4) = 72% болса, одан а) 1кг; б) 1л алса, сонда ерітіндіде қанша масса күкірт қышқылы болады? Жауабы: а) 720 г; б) 1180,8 г.
16. 300 мл молярлы концентрациясы 0,2моль/л болатын ортофосфор қышқылын алу үшін қанша фосфор(V) оксидін суда еріту керек?
Достарыңызбен бөлісу: |