П. Васильев атындағы орталық қалалық кітапхана Ақпараттық-библиографиялық бөлім Центральная городская библиотека им. П. Васильева Информационно-библиографический отдел



Pdf көрінісі
бет3/9
Дата06.03.2017
өлшемі0,82 Mb.
#7990
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Әдебиеттер

Бегалин, С. «Бәрі де екі жол өлеңнен басталады» // Балалар бағының бағбандары: 

анықтамалық. – Алматы, 2008. – 116 -118 б.

Е.Ерботин // Қазақ әдебиеті: энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы, 2005. - 181 б.

Е.Ерботин // Қазақстан жазушылары ХХ ғасыр. анықтамалық.  – Алматы, 2004. - 111 б.

16 қазан   

 Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткері, режиссер 

Е.Қ.Тәпеновтың туғанына 65 жыл (1945)

Ерсайын Қандержанұлы Тәпенов 1945 жылы 16 қазанда қазіргі Шығыс Қазақстан облысы 

Семей қаласында туған.

 

1968 жылы Москва қаласындағы мемлекеттік театр өнері институтының 



(қазіргі Ресейдің театр өнер Академиясы) режиссерлік факультетін (педагогтары Н.П.Охлопков, 

А.В.Эфрос пен В.Д.Дудин) бітірді.

1974-76   жылдары   Москваның   Сатира   театрында   стажировкада   (В.Н.Плучектің 

жетекшілігімен)   болды.  1968-74   жылдары   Семей   облысы   драма   театрының   (қазіргі   Семей 

музыкалы драма театры) режиссері, 1976-79 жылдары бұрынғы Торғай облыстық музыкалы драма 

театрында, ал 1990 жылдан Павлодар облыстық музыкалы драма театрының бас режиссері болды.

Е.Тәпеновтың 1970-90 жылдары қойған спектакльдері:  М.Әуезовтың  "Айман-Шолпаны" 

мен "Дос-Бедел-досы", Ғ.Мүсіреповтің "Ақан сері-Ақтоқтысы" мен "Қозы Көрпеш-Баян сұлуы" 

("Махаббат туралы поэма" деген атпен), Б.Майлиннің "Шұғасы", Қ.Мұхамеджановтың "Бөлтірік 

бөрік   астындасы",   Т.Ахтановтың   "Махаббат   мұңы"   мен  "Күшік  күйеуі",   Ә.Таразидің   "Жақсы 

кісісі", Д.Исабековтің "Әпкесі , О.Сүлейменов пен Б.Мұқаевтың "Заманақыры", Н.Островскийдің 

"Құрыш   қалай   шынықтысы",   А.Штейннің   «Толасы»,

 

О.   Иоселианидің   "Арбаң   аман   болсыны" 



("Отыз   ұлың   болғанша   ..."   деген   атпен),   Н.Гогольдің   "Үйленуі",   Еврипидтің   «Медеясы», 

У.Шекспирдің "Асауға тұсауы" және т.б.

Поэзияға,   пластикалық   пен   біртұтас   сахналық   әсерлі   шешімге  ден  қою   -   оның 

режиссурасына тән қасиет. 1986 жылы С Н.Жүнісовтің "Өліара"спектаклі қойылымы (1982) үшін 

Е.Тәпеновке ҚазКСР-і Мемлекеттік сыйлығы берілді.

Әдебиеттер

Бұл сапар театрдың бір белесі: [Ж.Аймауытов атындағы обл. қазақ музыкалық драма 

театрынын режиссері, ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері Е.Тәпеновпен сұхбат / Әңг. Т.Қоңыр] 

// Сарыарқа самалы. – 1998. - 10 наурыз

"Омбылықтармен қимай қоштастық ...":[Театрдың бас режиссері, ҚР Еңбек сіңірген өнер 

қайраткері Е.Тәпеновпен сұхбат / Әңг. Ф.Бықай] // Сарыарқа самалы. - 1999. -1 3 шілде. - 6 б.

14


Тәпенов, Е. Өнеріңді бағалайтын елің болсын // Сарыарқа самалы. - 1999. - 29 маусым. – 4 

-5б. // Сарыарқа самалы. - 2002. - 29 маусым. -  4 -5 б.

"Театрымызды ел білетініне қуаныштымыз"...:[Театрдың бас режиссері, КР Еңбек сіңірген 

өнер қайраткері Е.Тәпеновпен сұхбат / Әңг. Ф.Бықай] // Сарыарқа самалы. - 1999. - 13 шілде. - 6 6.

Тәпенов Ерсайын Қандержанұлы //Қазақ өнері. Энциклопедия. - Алматы, 2002. - 647 6.

18 қазан

Ақын-импровизатор Ж. М. Байжановтың туғанына 175 жыл (1835-1929)

XIX  ғасырдың екінші жартысы мен  XX  ғасырдың бас кезінде  өмір  сүрген  өнер иелері 

ішінде Жаяу Мұсаның алатын орны ерекше. Ақын, әнші, композитор, музыкант, прогресшіл ой 

иесі, қажырлы күрескер - осындай жан-жақты адам, осы салалардың бәрінде де айтарлықтай із 

қалдырған. Ал оның өмірі мен музыкалық творчествосын бөліп қарауға келмейді.

Жаяу Мұса қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Ақшоқы деген жерде 1835 жылы 

туған. Әкесі Байжан кедей шаруа  болған. Жаяу Мұса жасынан өнерпаз, талапкер болып өседі. 

Кейін  Омбы   қаласында   оқып  жүрген  кезінде   еліне   келіп-кетіп  жүріп,   Шорман  тұқымдарының 

бұхараға көрсеткен зорлық-зомбылығын әшкерелеп, газетке жазады. Сол жылдары дуанбасы боп 

сайланып, полковник шенін алған Шорманның Мұсасы Омбыдағы губернаторға Жаяу Мұсаның 

үстінен шағым жасайды, патшаға қарсы адам деп жала жауып, Тобыл қаласына 12 жылға жер 

аудартады.   Бірақ   Жаяу   Мұсаның   өтініші   бойынша,   жер   аудару   жазасы   әскер   қызметіне 

ауыстырылып, ол арбакеш болып жұмыс істейді. Генерал Черняев әскерінің қатарында Жаяу Мұса 

Санк-Петербург қаласында, Польша, Литва, Латвия жерлерінде болады. Кейін Черняев әскерінің 

Орта Азия экспедициясына да қатысады, сол сапарда Шоқан Уәлихановпен кездеседі.

Мұса   Байжановтың   әндерін   бірінші   рет   қағаз   бетіне   түсіріп,   композитордың 

творчествосымен   оқушы   жұртшылықты   таныстырған     қазақ   совет   музыка   этнографиясының 

іргетасын қалаушы А.В.Затаевич болды. Ол «Қазақ халқының 1000 әні»  "Қазақтың 500 ән, күйі" 

(1931) деген жинақтарында Мұсаның  бірнеше әндерін жариялап, оларға біраз сипаттама берді. 

Жаяу Мұсаның "Ескендір", "Тұрымтай", "Құлбай", "Гауһар қыз" әнінің екі түрі, "Ақсисаның" екі 

түрі, «Қатын өлгенде»  «Басқұлбай»   әндерінің жазбалары бар.

1942 жылы шыққан "Қазақ композиторларының өмірі мен твочествосы" деген кітабының 

бір бөлімін А.Жұбанов     Жаяу Мұсаға арнаған.  Жаяу Мұса Арқадағы Біржан сал мен Ақан сері 

бастаған әнші-ақындар тобының әріден келе жатқан дәстүрін дамыта түсті. Ол әрдайым халықтық 

-   бұхарашылдық   бағытын   берік   ұстап,   сол   замандағы   қазақ   ауылының   шындығын   батыл 

суреттеген ақын.



Әдебиеттер

Ақ сиса, қызыл сиса, сиса, сиса // Алдабергенов Қ.М., Арын Е.М., Баткеева Б.Т. Бір туар 

дара тұлғалар. - Павлодар, 2001. – 284 – 287 6.

Ақышев 3. Жаяу Мұса: роман. - Алматы, 1978.

Байжанов Жаяу Мұса // Ақын-жыраулар. - Алматы, 1979. – 33 – 34  6.

Жаяу Мұса Байжанұлы // Баянаула. - Астана, 2001. – 90 – 91 6.

Жаяу Мұса Байжанұлы // Бес ғасыр жырлайды. - 2т. - Алматы, 1989. - 2т. – 70 – 74 б.

Жаяу Мұса Байжанов. - Павлодар : "Эко" ҒӨФ, 2003. – 3 - 166 6.

Жаяу Мұса // Екімыңжылдық дала жыры. / Бас редакторы Ә.Нысанбаев. –А лматы, 2000. – 

291 -292 6.

Жаяу Мұса // Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. - Алматы, 2001. – 138 – 170 6.

Жаяу Мұса Байжанұлы // Қазақ ССР: Қысқаша энциклопедия. – 4 т. - Алматы, 1989. – 4 т. – 

253 -254 б.

Жаяу Мұса Байжанұлы // Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. - Алматы, 2001. - З т. – 612  – 

613 б.

Қоспақов 3. Әнші тағдыры (Жаяу Мұсаның өмірі мен музыкалық творчествосы). - Алматы, 



1971. -176 6.

Жаяу Мұса Байжанұлы // Заң. - 2001. – № 10. – 64 6.

15


3 қараша  (1 ақпан)

                           Қаз.КСР-ң Еңбек сіңірген халық әртісі, актриса 

К. А. Струнинаның  туғанына 95 жыл (1915-1980)

Орыс   актрисасы   Ксения   Александровна   Струнина   1915   жылы   3   қарашада   РФ 

Благовещенск қаласында  туған.   1935  жылы  осы  қаладағы  Амур  театры    жанындағы  студияны 

бітірген.   1947   жылға   дейін   бірқатар   орыс   драма   театрлары   (Өскемен   мен   Каменец-Подольск 

қалаларында) құрамында қызмет етті.

1947-1951 және 1953-1980 жылдары Павлодар қаласында тұрып, осындағы облыстық орыс 

драма театрында актриса болды.

К.Струнина   орыс   және   шетел   классикалық   драматургиясы   бойынша   қойылған 

спектакльдердің   басты   рольдерінде   ойнады.   Актрисаның   ойыны   терең   эмоциялық   бояуымен, 

драмалық   және   лирикалық   сезімінің   молдығымен,   бейнелеу   тәсілдерімен,   сахналық   сөзге   мән 

берумен әрі парасаттылығымен ерекшеленді.

Актрисаның  ең таңдаулы рольдері  қатарында  Кручинина  Катерина (А.  Н.  Островскийдің 

"Жазықсыз   жапа   шеккендер"   мен   "Найзағайында"),   Елена   (Островский    мен   Н.  Соловьевтің 

"Белугиннің үйленуінде").  Елена  Андреевна (А. П.Чеховтың "Ваня ағайынында"), Татьяна, Люба, 

Глафира (А. М. Горькийдің "Тоғышарлар", "Соңғылары" мен "Егор Булычов және басқаларында"). 

Джульетта, леди Капулетти (У. Шекспирдің "Ромео мен Джульеттасында") және басқа да күрделі 

ролдерде ойнаған. 

К.Струнина   осы   зор   еңбектері   үшін   Еңбек   Қызыл   ту   орденімен   және   медальдармен 

марапатталған.

Әдебиеттер

Струнина Ксения Александровна // Қазақ өнері: Энциклопедия. -Алматы, 2002. – 629 6.

Струнина Ксения Александровна // Қазақ ССР: Қысқаша энциклопедия. -  4т. - Алматы, 

1989. – 4 т. - 549 6.

Струнина Ксения Александровна //Қазақстан, Ұлттық энциклопедия.10 т. – Алматы, 2006.

8 т. – 64 б.



4 желтоқсан                                                                Кинорежиссер, актер және музыкант

                                                                          Қ. Ә. Әбусейітовтың туғанына 80 жыл (1925)

Әбусейітов   Қуат   Әшірбекұлы   1925   жылы   6   желтоқсанда   Павлодар   қаласында 

туған.  1947   жылы   Алматы   киноактерлер   мектебін,   одан   кейін   1958   жылы   Москва 

қаласындағы   Мемлекеттік   кинематография   институтының   режиссерлік   факультетін 

профессор   Г.Л.Рошаль   мен   С.И.Юткевичтің   жетекшілігімен   бітірді.   ҚазКСР-нің   Еңбек 

сіңірген мәдениет қызметкері.

Әбусейітов   ғылым,  мәдениет   қайраткерлері  жайында  бірқатар   деректі  фильмдер 

қойды. Олардың қатарында "Сераға" (1974) әнші Е.Серкебаев  туралы, "Бәрі сен үшін" 

(1976), "Ғалым ауылында" (1990), "Жүсіпбек Аймауытов" (1992) т.б. бар.

1969   жылы   ҚазКСР-і   Жоғары   Кеңесі   Президиумының   Құрмет   грамотасымен 

марапатталған.

Әдебиеттер

Әбусейітов Қуат Әшірбекұлы // Қазақ өнері: Энциклопедия. - Алматы, 2002. - 80 6.

Әбусейітов Қуат Әшірбекұлы // Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. – Алматы, 1998.- 

Т. 1.- 619 б.

16


Әбусейітов Қуат Әшірбекұлы // Баянаула. – Астана, 2001. -  109 б.

Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекелері 

16-17 желтоқсанда аталып өтілетін Тәуелсіздік күні.



Мемлекеттік мерекелер

1 -2 қаңтар 

-Жаңа жыл 

8  наурыз 

-Халықаралық әйелдер күні 

21 – 23 наурыз -Наурыз мейрамы 

1 мамыр

- Қазақстан халықтарының ынтымақ күні 



9 мамыр

- Жеңіс күні 

6 шілде

-Астана күні 



30 тамыз

-Қазақстан Республикасының Конституция күні 



Қазақстан Республикасындағы кәсіби және басқа да мерекелер тізімі 

 

7 мамыр



-Отан қорғаушылар күні 

31 мамыр


-Саяси репрессия құрбандарын еске алу күні 

4 маусым


-Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні 

20 маусым      -Медицина қызметкерлер күні 

/маусымның үшінші жексенбісі/

23 маусым

-Полиция күні 

27 маусым

-Баспа, теледидар мен радио күні 

/маусымның соңғы жексенбісі/

 

2 шілде


-Дипломатиялық қызмет күні 

18 шілде


-Металлургтер күні  

/ шілденің үшінші жексенбісі/

 

1 тамыз


-Көлік және байланыс қызметкерлерінің күні 

/тамыздың бірінші жексенбісі/

 

8 тамыз


-Құрылысшылар күні 

/тамыздың екінші жексенбісі

 /

15 тамыз


-Спорт күні  

/тамыздың үшінші жексенбісі/

 

29 тамыз


-Шахтерлер күні  

/тамыздың соңғы жексенбісі/

 

1 қыркүйек



-Білім күні 

5 қыркүйек

-Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні  

/қыркүйектің бірінші жексенбісі/

 

19 қыркүйек -Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні /



қыркүйектің үшінші жекснбісі/ 

28 қыркүйек -Атом саласы қызметкерлерінің күні - 

3 қазан 

-Ұстаздар күні /қазанның бірінші жексенбісі

/

 

15 қараша



-Ұлттық валюта күні 

21 қараша

-Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні  

/қарашаның үшінші жексенбісі /

19 желтоқсан -Энергетиктер күні  

/желтоқсанның үшінші жексенбісі /

 

2010 жылға Қазақстан Республикасы еске алу күндерінің көрсеткіші 

Қаңтар 

1 қаңтар


-"Казахстанская правда" газеті бірінші нөмірінің шыққанына 90 жыл (1920)   

5 қаңтар


-ақын Қадыр Мырза-Әлидің туғанына 75 жыл (1935)

6 қаңтар


-қоғам және мемлекет қайраткері, журналист М.Шоқайдың туғанына 120 жыл 

(1890-1941) 

7 қаңтар

- актер және режиссер, Қаз КСР халық әртісі  К. Жандарбековтың туғанына 105 

жыл (1905-1973) 

9 қаңтар


-геолог-ғалым, географ, Қазақстан мен Орта Азияны зерттеуші И. В. 

Мушкетовтың туғанына 160 жыл (1850-1902) 

17


10 қаңтар   

- жазушы І.Есенберлиннің туғанына 95 жыл (1915-1983)

12 қаңтар 

-қазақстандық жазушы С.А. Досановтың туғанына 70 жыл (1940) 



Ақпан 

2 ақпан 


- жазушы М.Мағауиннің туғанына 70 жыл (1940) 

5 ақпан- зоолог-ғалым, этнограф, Қазақстан мен Орта Азияны зерттеуші Г. Е. Грумм-



Гржимайлоның туғанына 150 жыл (1860-1936) 

10 ақпан


- республикалық ғылыми техникалық кітапхананың ашылғанына 

50жыл (1960) РҒТК)



Наурыз  

9   наурыз



актер, ҚазКСР халық әртісі 

К. Н. Тастанбековтың туғанына

 60 жыл (1945) 

14  наурыз

 -жазушы Қ.Ысқақовтың туғанына 75 жыл (1935) 

15  наурыз

- актер, режиссер, ҚазКСР халық әртісі К. Байсейітованың туғанына 105жыл 

(1905-1979) 

20  наурыз

-ақын Т.Молдағалиевтің туғанына 75 жыл (1935) 

21  наурыз

- ақын Қ

. Шаңғытбаевтың туғанына

 85 жыл (1925-2001) 

22  наурыз

- киноактер,

 

кинорежиссер Х. Даулетбековтың туғанына 100 жыл (1910-1983) 



23  наурыз

- металлург-ғалым, академик Е.А.Букетовтың туғанына 85 жыл (1925-1983)  

25 наурыз

- композитор, ҚазКСР еңбек сіңірген өнер қайраткері С.И.Шабельскийдің 

туғанына 125 жыл (1885-1956) 

Сәуір 

1 сәуір 


 - композитор

 

Н.Тілендиевтің туғанына 85 жыл (1925-1998) 

15 сәуір

- жазушы С. Бақбергеновтың туғанына 90 жыл (1920) 

22 сәуір

- жазушы С.Мұқановтың туғанына 110 жыл (1900-1973) 



Мамыр

12 мамыр


-қазақ жазушысы Ә.Әлімжановтың туғанына 80 жыл (1930-1993) 

5 мамыр


- ҚР Кітапханалар ассоциациясының  президенті, ҚР еңбек сіңірген мәдениет 

қайраткері  Р.А. Бердіғалиеваның туғанына 65 жыл (1945) 

7 мамыр

- суретші, ҚазКСР еңбек сіңірген өнер қайраткері Е.М.Сидоркиннің туғанына 80 



жыл (1930-1983) 

10 мамыр


- композитор С. Бәйтерековтың туғанына 65 жыл (1945-1998) 

12 мамыр


-қазақ жазушысы Ә.Әлімжановтың туғанына 80 жыл (1930-1993) 

23 мамыр


 - халық 

ақ

ыны және композитор Б. Қожағұловтың туғанына 175 жыл (1835-1887) 



мамыр 



"Қазақстан әйелдері" журналының жарық көргеніне

 80 жыл (1925) 



Маусым 

1 маусым


- әдебиеттанушы Р.Нұрғалиевтің туғанына 70 жыл (1940) 

1 маусым


- әнші, ҚазКСР халық әртісі Қ.А. Байбосыновтың туғанына 60 жыл (1950)  

9 маусым


 -"Азия дауысы" Халықаралық фестивалінің ресми түрде ашылғанына 20 жыл 

(1990) 


10 маусым

-жазушы Ф. А. Моргунның туғанына 100 жыл (1910) 

18 маусым

суретші-график, ҚазКСР еңбек сіңірген өнер қайраткері 

В.И. Антощенко-

Оленевтің

 туғанына 110 жыл (1900-1984)  

16 маусым

 -жазушы К.Оразалиннің туғанына 90 жыл (1920) 

 

27 маусым



-Қазақстан кітапхана қызметкерлерінің бірінші съезі жұмысының басталғанына 50 

жыл (1960) 

28 маусым 

- Қазақстан Республикасының баспа күні



Шілде 

18


1 шілде 

- жазушы Б.Тұрсынбаевтың туғанына 105 жыл (1905-1967) 

6 шілде            - Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың туғанына 70 жыл (1940)  

18 шілде


- жазушы А.С.Сергеевтің туғанына 95 жыл (1915) 

25 шілде


-суретші, ҚазКСР еңбек сіңірген өнер қайраткері  М.С.Кенбаевтың  туғанына  85 

жыл (1925-1993) 

27 шілде

- революционер және азамат соғысының батыры М. Масанчидің туғанына 125 жыл 

(1885-1938) 

29 шілде


- ақын А.Құнанбаевтың туғанына 165 жыл (1845-1904) 

Тамыз 

  

15 тамыз


- композитор Ш. Қалдаяқовтың туғанына 80 жыл (1930-1992) 

27 тамыз


-мүсінші, ҚазКСР халық суретшісі Х.Е. Наурызбаевтың туғанына 85 жыл 

(1925) 


 

тамыз


-"Қазақстан мектебі" журналы

 бірінші нөмірінің шыққанына 85 жыл (1925) 



Қыркүйек 

5 қыркүйек

-ақын Ж.Молдағалиевтің туғанына 90 жыл (1920-1988) 

9 қыркүйек 

-әдебиеттанушы-ғалым, сыншы Ә.Қоңыратбаевтың туғанына 105 жыл (1905-

1986) 


19 қыркүйек

-ақын 


А.Тоқмағамбетовтың туғанына 105 жыл (1905-1988) 

Қазан 

1 қазан            -Теміртау қ. құрылғанына 65 жыл (1945)  

12 қазан          - режиссер, педагог, ҚазКСР халық әртісі

 

А. Тоқпановтың туғанына 

95 жыл (1915-1994)  

15 қазан          -жазушы 



Ә.Сәрсенбаевтың туғанына 

105 жыл (1905-1995) 



Қараша 

3 қараша


-«Қазақстан» баспасы ұйымдастырылғанына 90 жыл (1920) 

12 қараша

-композитор Е.Г.Брусиловскийдің туғанына 105 жыл (1905-1981) 

15 қараша

-Кеңес Одағының Батыры, жазушы М.Ғабдуллиннің туғанына 95 жыл (1915-1973) 

16 қараша

-әнші, композитор Е.Хасанғалиевтің туғанына 70 жыл (1940) 

16 қараша

-Қазақстан пионерінің құрылған күні 

18 қараша

-әнші, ҚазКСР халық әртісі Х. Калиламбекованың туғанына 65 жыл (1945) 

19 қараша

-жазушы, журналист С.Байжановтың туғанына 80 жыл (1930-1998) 

21 қараша

-жазушы М.Дулатовтың туғанына 225 жыл (1885-1935) 

24 қараша

-жазушы С.Бегалиннің туғанына 115 жыл (1895-1983) 

қараша


-ғалым,   ағартушы,  этнограф,   фольклортанушы  Ш.Уәлихановтың  туғанына  175 

жыл (1835-1865) 



Желтоқсан 

7 желтоқсан - суретші Н. Г. Хлудовтың туғанына 160 жыл (1850-1935) 

12 желтоқсан - ҚР кеден қызметінің күні

15 желтоқсан - жазушы Ө.Тұрманжановтың туғанына 105 жыл (1905-1978) 

24 желтоқсан - жазушы Б.Момышұлының туғанына 100 жыл (1910-1982)

24 желтоқсан -әдеби сыншы, документалист П. Косенконың туғанына 80 жыл (1930-1992) 

27 желтоқсан -жазушы, ғалым, әдебиеттанушы М.Қаратаевтың туғанына 100 жыл (1910-

1995) 


19

   

Күнтізбеде белгіленген павлодарлық есімдердің алфавиттік көрсеткіші

Абдразаков Т. А. 3

Абілов Ш. К. 4

Абильтаев Ж. 5

Ақшолақов Т. 6

Айтбакин А.7

Алексеев Н. Е. 4

Андронов А. В. 5

Антонова А. Д. 3

Арынғазин К. М. 5

Әбілтаев Ж. 6

Әбусейітов К. А. 6, 16

Әлкенов А. А. 4

Әмірәмзеұлы С. 7

Әубәкіров Б. А.

Әшімбетов К. К.4

Әшірбеков М. А.7

Бәделхан  А. Б. 6

Базарбеков  К. У.3

Байжанов Ж. М. 5, 15

Байзаков И. 5, 12-13

Байырманов Х. 3

Барлыбаев А. А. 7

Баяндин Г. С. 6

Бекболатов С. Н. 4

Бекетов Н. П. 3

Бекмаханов Е. Б. 3,8

Бекмаханова Н. Е. 6, 9

Бекхожин Х. Н. 6

Бердалин К. И. 3

Бойко  Ф. К. 3

Боранбаев К. 4

Бөрібайұлы Қ. 6

Бутов В. Г. 5

Бушуев  М. Г. 6

Величко П. Г.  4

Веретнов В.  Г. 4

Виноградов И. И. 4

Волошин В. О . 6

Гладышев В. П. 3

Горбунов  С. А. 3

Ерботин Е. 5, 14

Ержанов Б. 7

Ертісбаев  К. М. 7

Жандосов Ж. 5

Жармакин О. К. 3

Жармакин К. 3

Жұматов Ғ. Ж.  5

Запруднева Н. М. 4

 

Иванов Вс. В. 3, 11



Исабаев К. 5, 11-12

Ислям Б. И. 6

Қайырбаев М. 3, 7-8

Какенова  П. И. 3

Қапашев Д. А. 5

Каркавин А. 5

Кассин Н. Г. 6

Қоблан Бөрібайұлы 6

Колмогоров В. И. 4 

Конырбаев Т. 5

Корсаков Ф. Ф. 4

Кривенко И. И

4, 10-11

Куватов  Б. А. 3

Кульбачко В. Н. 4

Құрманов К. Ж. 3

Ледовский И. Г. 4

Мадин И. Б. 6

Майра Шамсутдинова 7

Мақажанов Х. Д .

Маковский С. И. 6

Маслов И. В. 5

Махатов Т. М. 6

Миллер Г. Ф. 5

Молдабекова Р. А. 6

Молотов В. С. 4

Мостовой Ю. А. 4

Мурзалев С. М. 4

Нұркенов  Ж. К. 6  

Нұркенов К. К. 3, 7

Нуркин Т. 7

Омаров М.  3

Оспанов О. 6

Петухов  К. Н. 5

Потанин Г. Н. 5, 13-14

Прозорова Т. А. 5

Райымбекұлы  К. 6

Ракишев Ш. 5

Рязанцев И. Д. 4

Сарычев  Г. А. 4

Сәтбаева Ш. К. 4

Скляров И. А. 5

Соболева З. А.  

Струнина К. А. 6, 16

Тәжібаев  С. 6

Тәжібаева Р. 4

Тайшықов К. Б. 6

Тәпенов Е. К. 5, 14-15

Текжанов Х. 6

Теміржанова А.  5

Тоқтаров Р. 3, 8

Тюрин К. С. 6, 8

Шанин А. К

.

Шөкин А. Р.



Шорманов С. 7

20


Предисловие

Вы   держите   в   руках   очередное   издание   календаря.  Ежегодно     информационно-

библиографический  отдел ЦГБ выпускает    рекомендательный  указатель    «  Павлодар 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет