П. Васильев атындағы орталық қалалық кітапхана Ақпараттық-библиографиялық бөлім Центральная городская библиотека им. П. Васильева Информационно-библиографический отдел


 каңтар            жазушы Р. Тоқтаровтың туғанына 75 жыл



Pdf көрінісі
бет2/9
Дата06.03.2017
өлшемі0,82 Mb.
#7990
1   2   3   4   5   6   7   8   9

13 каңтар           

жазушы Р. Тоқтаровтың туғанына 75 жыл

(1935-2000)

Рамазан Тоқтаров 1935 жылы 13 қаңтарда Кереку (қ.Павлодар) қаласында туған. Қазақша 

орта   мектеп   бітіріп,   Алматы   шет   тілдер  институтына   түскен.  Институтты   1957   жылы   бітіріп, 

француз тілінің маманы болып шықты.

Р.Тоқтаров  туған   қаласына   оралып,   1957-1960   жылдары   облыстық   "Қызыл   ту" 

басылымының меңгерушісі болды. Осы басылымда өзінің шығармашылық жолын бастады. 1960-

шы жылдан бастап 1966 жылға дейін "Лениншіл жас" (қ. "Жас Алаш") газетінде қызмет істеді. 

Кейін "Мәдениет және тұрмыс" (қ."Парасат") журналы мен "Қазақ әдебиеті" газетінде журналистік 

қызмет атқарды. 1966-1976 жылдары "Жазушы" басылымында аға редактор, басылым меңгерушісі 

болды. 1985-1989 жылдары шығармашылық жұмыста. Ал, 1989 жылы "Жұлдыз" журналының бас 

редакторы орынбасары қызметін атқарды.

Р.Тоқтаровтың қазақ, орыс, француз тілдерін еркін білуі бірыңғай қазақ жазушысы болып 

қалыптасуына кедергі келтірмей, қайта өнімді еңбек етуіне ықпал етті. Әдебиетке алпысыншы 

жылы "Ертіс перзенті" атты әңгімелер жинағымен енген жазушы содан бері оннан астам роман, 

повестер жазды.

"Бақыт" (1965), "Ертіс мұхитқа құяды" (1968), "Тұлпардың сыны" (1975), "Жердің үлгісі" 

(1979),   "Ғасыр   наны"   (1983),  "Сусамыр"  (1985),   "Таңбалы  жарғақтың  құпиясы",   "Жендет", 

"Полигон", "Ақбоз атты елес" деген  атаулары тәрізді олардың такырыптары да әр түрлі.

Рамазан   Тоқтаров  -   қалың   оқырман  жұртшылыққа   кеңінен  танымал,   қазақ   прозасында 

роман жанрын дамытуда  айтарлықтай еңбек сіңірген көрнекті қазақ жазушыларының алдыңғы 

қатарынан өз орнын алған.

Әдебиеттер

Тоқтаров, Р. Абайдың жұмбағы: роман. - Алматы: Әл-Фараби ,1999. – 751 6.

Тоқтаров, Р. Бақыт: роман. – Алматы: Жазушы, 1965. – 196 б.

Тоқтаров, Р. Бақытты құлдықтың ақыры: роман. –Астана: Елорда, 2005. – 616 б.

Тоқтаров, Р.Ғасыр наңы: роман. –Алматы: Жазушы, 1983. 461 б.

Тоқтаров, Р. Ертіс мұхитқа құяды: роман. - Алматы: Жазушы, 1968. – 230 6.

Тоқтаров Р. Тұлпардың сыны: романдар: Жазушы, 1987. – 531 6.

Тоқтаров, Р. Бітеу жара: роман-естелік // Жұлдыз. - 2001. - № 7.- 4 – 23 6.

Тоқтаров, Р. Жалғанның ісі: әңгіме // Жұлдыз. - 2000. - N 2 - 3-

 

11 6.



***

Тоқтаров Рамазан // Қазақстан. Ұлттық  энциклопедия . - Алматы, 2006.  – 8 т. – 419 – 420б.

Р. Тоқтаров // Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы, 2005. – 505 б.

Исабаев, Б. Бір кітаптың  беташары

: [жазушы Р. Тоқтаровтың туғанына 70 жыл толуына 

орай «Абай жұмбағы» кітабы бойынша кітапханалық  көпшілік шара] // Мектептегі кітапхана. – 

2006. - № 3. – 2 – 6 б.

8


Ақпан

15 ақпан

Ғалым, тарих ғылымдарының докторы,

профессор Е. Б. Бекмахановтың туғанына 95 жыл (1915-1966)

Бекмаханов   Ермұхан   Бекмаханұлы   1915   жылы   Павлодар   облысы   Баянауыл   ауданында 

туған.

Бекмаханов төре  тегінен шыққан, ол Абылайдың  сегізінші  ұрпағы (бұл жөнінде кейінгі 



жылдары   Шота-Аман   Уәлиханов   жазды).   Бірақ   Ерекеңнің   отбасы   кедейленіп,   Зында 

Шормановтың   жалшылығында   болған.   Алты   жасында   әкесі   дүние   салады   да,   ағасы   Діншенің 

көмегімен   7   класс   бітіреді.   Одан   соң   Семейдегі   бір   жылдық   дайындық   курсын   оқып   барып, 

Воронеж педагогикалық институтының тарих факультетіне түседі.

Бекмахановтың қызметі мектептен, оқу-ағарту ісіне белсенді араласудан басталды. Оның 

тұңғыш еңбектері де тарихты оқыту әдістемесіне арналды. Бекмаханов соғыс жылдары Халық 

ағарту комиссариаты басқармасын басқарды. 1937-1940 жылдары педагогикалық ғылыми-зерттеу 

институтының (қазіргі Білім Академиясы) ғылыми қызметкерідиректоры болған. Сонымен қатар, 

1941-1946 жылдары Қазақстан КП ОК-нің лекторы болып қызмет істеді.

Үлкен ғылымға аяқ басуы 1941 жылы тұңғыш "Қазақ ССР тарихын" жазудан басталды. 

Бекмаханов   ең   күрделі   тақырып   -"Кенесары   Қасымов   көтерілісін"   жазды.   1943   жылы   осы 

тақырыптан   кандидаттық   диссертацияны   қорғады.   Көп   ұзамай   1946   жылы   "Қазақстан  XIX 

ғасырдың   20-40-жылдарында"   тақырыбындағы

 

қожазабасын   докторлық   диссертация   ретінде 

қорғады. 1947 жылы бұл еңбек жеке кітап болып басылып шықты.

1945 жылы Тарих, археология және этнография институтының аға ғылыми қызметкері, 

директор   орынбасары,   ал   1947-1951   жылдары   Қазақ   мемлекеттік   университетінің   оқытушысы, 

профессоры, кафедра менгерушісі болды.

Ғалым алғаш рет 1944 жылы "Қазақ ССР  тарихындағы"  Қазақстанның Ресейге қосылуы 

туралы тараудың авторы ретінде әділетсіз сынға ұшырады. "XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы 

Қазақстан" атты кітабында (1947) Кенесары Қасымұлы көтерілісін (1837-47) қазақ халқының ұлт-

азаттық қозғалысы ретінде бағалағандығы үшін саяси қуғын-сүргінге душар болды.

1951 жылы Бекмаханов  университеттегі қызметінен, барлық ғылыми атақ-дәрежелерінен 

айырылып, әуелі Алматы облысы Нарынқол ауданына барып  мектеп  оқытушысы болып жұмыс 

істеді. 1952 жылы күзде ол 25 жылға "ұлтшылдық әрекеттері" үшін   ГулАГ лагеріне айдалды.

Бірақ белгілі тарихшы А.М.Панкратова бастаған бір топ мәскеулік тарихшылар оны 1954 

жылы босатып алуға қол жеткізді. 1955 жылдан бастап Қазақ университетіне жұмысқа орналасып, 

1957   жылы   екінші   рет   докторлык   дәреже   алу   үшін   диссертация   корғады.  1962   жылы   оны 

республика Ғылым академиясы өзінің мүше-корреспондеті етіп сайлады. Бірақ таланттың ғұмыры 

келте болды, 1966 жылы 6 мамырда Е.Бекмаханов ауыр науқастан қайтыс болды.

Атақты   тарихшы   Бекмаханов   тарих   ғылымына   қосқан   үлесі   зор.   Қазақстанның   18-19 

ғасырлардағы   саяси,   әлеуметтік-экономика   тарихы  туралы  терең  мазмұнды   бірнеше   ғылыми 

еңбектер   жазды.   Педагогика   ғылымына,   мектептің  оқу-тәрбие   жұмысына   да   көп   көңіл   бөлді. 

Е.Бекмахановтың мектеп оқушыларына арналған Қазақстан тарихы оқулықтары отыз жыл бойы 

үзіліссіз пайдаланды.

Е.Бекмахановтың   өмірі   жайлы   Қазақстанның   белгілі   тарихшылары   М.Қозыбаев,   К. 

Нұрпейісов

;

 И.Қозыбаев, Л.Гуревич, Ә.Токеновтер жазған.



Әдебиеттер

Бекмаханов, Е. Қазақстан XIX ғасырдың 20-40 жылдарында. - Алматы, 1994. - 410 6.

Бекмаханов Ермұхан Бекмаханұлы // Қазақ ССР: Қысқаша энциклопедия. - 4т. - Алматы, 

1988. – 3 т. -131 б.

Бекмаханов Ермұқан // Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. -10 т. - Алматы, 1999. – 2 т.-257 

6.

Әбжанов, Х. Тұлға туралы толғау: [тарихшы «Е. Бекмаханов туралы естеліктер» атты кітап 



туралы] //Егемен Қазақстан. – 2006. – 22 шілде. – 8 б.

9


Омарбеков, Т. Ермұханның ерлігі: [Е.Бекмахановтың тарих ғылымындағы жанкешті күресі 

туралы әңгімесі] // Ақиқат. - 1998. – N 9. – 35 – 40 6.



24 ақпан

жазушы В. В. Ивановтың* туғанына 115 жыл (1895-1963)

Всеволод Иванов 1895 жылы 24 ақпанда Павлодар облысы Лебяжі ауданында туған.

Болашақ сөз шебері өздігінен білім алып, мұғалім болды. Отбасының күйі қайғы-қасіретке 

толы   еді.  1919  жылы   кенеттен  әкесі   қаза   тауып,  шешесі   поляк   әулетінен   шыкқан  -   Ирина 

Семеновна Савицкая қуғындалған. Аға-інілері де ерте қайтқан. 

В.Иванов   екі   жылдық   шіркеу   мектебінде   оқыды.   Кейін   Павлодарға   келіп,   төменгі 

сатыдығы  ауылшаруашылық училищесіне түседі. Мұнда ол физика, агрономия, география, 

т

ағы 



басқа пәндерден дәріс алады. Бір жылдан кейін бұл жерден біржолата кетіп, өздігінен білім алады.

Қазақстан, Сібір, Орта Азияны, Орал бойын аралап, енді Үндістанға баруды армандайды. 

Арманын   іске   асыра   алмағанмен   өз   шығармаларында   өзек   етті.   Болашақ   жазушы   1915   жылы 

Қорған каласына келеді. Мұнда баспаханаға орналасып, әріп теруші жұмысын істейді.

1915 жылы 25 желтоқсанда Қорғанның халық газетінде оның тұңғыш "Қасиетті түнде" 

әңгімесі   жарияланды.   Келесі   жылдары   Сібір   басылымдарында   жазушының   жиырмадан   астам 

әңгімесі басылады.

В.Ивановтың творчестволық тағдырына М.Горький әсер етті. 1916 жылы жазушыға хат 

жазып,   оған   бірнеше   әңгімесін   жібереді.   "Антон   ата",   "Ертіс   бойымен"   шығармаларына   М. 

Горький жоғары баға береді. Бұл әнгімелері "Пролетар жинағына" енген.

1921 жылы М.  Горькийдің ұсынысымен   Петроградқа келіп, "Ағайынды Серапионовтар" 

әдеби   бірлестігіне   кіреді.   Жас   прозаиктің   "Партизан   повестері"   жарық     көреді.   Үш   кітаптан 

тұратын  ("Партизандар", "14-69 бронепоезд", "Түрлі-түсті дауылдар") шығармаларында Сібірдегі 

азамат соғысы, халықтың  жер мен бостандық  жолындағы күресі бейнеленген.

Жиырма алты жасында көркем сөздің таңдаулы шебері аталған Вс. Иванов тағы көптеген 

туындылар   жазды.   "Көгілдір   құмдар",   "Будданың   оралуы"   (1923),   "Тігінші   Фокиннің   басынан 

кешірген кереметтері" (1924), "Өзім туралы әңгімелер", "Экзотикалық әңгімелер" (1925), "Иприт" 

романы (В.Шкловскиймен бірлесіп жазған, 1926 ж.), "Ерекше құпиясы" (1927), "Оқшау үй" (1928) 

және т.б. әнгімелер жинағы.

Ұлы   Отан   соғысы   және   кейінгі   кезендерде   бейбітшілік,   соғыс,   тарихи   тақырыптарға 

арналған көптеген әңгімелер, публицистикалық мақалалар жазған.  "Бородино даласында" (1943), 

"Максим Горькиймен  кездесулер" (1947), "Берлинді аларда" (1946). "Ломоносов" пьесасын (1953), 

"Біз   Индияға   барамыз"   (1960)   романын   жазған.   Бірқатар   шығармалары   Европа   мен  шетел 

тілдеріне аударылды.

Вс.Иванов   -  қазақ   әдебиетінің   жанашыры   болған.   Ол   1936   жылы   Б.  Майлин, 

Ғ.Мүсіреповпен   бірге   "Амангелді"   кинофильмінің   сценарииін   жазған.   Вс.  Ивановтың   таланты 

кезінде   жоғары   бағаланды.   Әдебиетке   қосқан   зор   еңбегі   үшін   екі   орден   және   медальмен 

марапатталған.



Әдебиеттер

Иванов, В. Бала: Әңгіме // Жалын. - 1989. - № 4.-90 – 95 б.

Иванов Всеволод Вячеславович // Қазақ Совет энциклопедиясы. - 12т. - Алматы, 1974. - 

631 6.


Мұхаметханов, Қ. Қазақ әдебиетінің досы // Қазақ әдебиеті.-1985.-22 ақпан.-Юб.

Нұрмағанбетова, 3. Всеволод Иванов және Қазақстан // Сарыарқа самалы. - 1995. - 27 

маусым. - 4 б .

Шәкәрімова, Д. Әдебиет тарланы // Сарыарқа самалы. - 1995. - 23 ақпан. – 4 б.

10


Маусым

5 маусым 

Кенес Одағының Батыры,  Павлодар қаласың Құрметті 

азаматы И. И. Кривенконың туғанына 85 жыл (1925-2001)

Иван Кривенко  1925 жылы   Павлодар облысы  Ақсу ауданы  Марковка  селосында   кедей 

шаруа отбасында туған. 1928 жылы ата-анасымен бірге Горький ауданы Октябрь совхозына көшіп 

барды. 1938 жылы 6 класты бітіріп, Кривенко трактористер курсына түседі.

Ұлы Отан соғысына дейін МТС-те тракторист болып істеген. 1942 жылғы көктемде әскер 

қатарына   шақырылып,   майданда   50-гвардия   танк   полкінің  құрамында   соғыс   аяқталғанға   дейін 

болды.

Иван   Кривенко   механик-жүргізуші   болған   танк   экипажы   жауға   қарсы   шайқастарда 



шеберлік көрсетіп, ерліктерімен көзге түсті. Сондықтан да командование оған барлау жұмысын 

жиі тапсырып отырды.

И.Кривенко   Берлинге  алғашқы   кіргендердің   бірі   болды.   Берлинде   оның   экипажы 

дұшпанның 10 зеңбірегін 30 автомашинасын, көптеген солдаттары мен офицерлерін құртты.

Кеңес Үкіметі ержүрек те батыр танкистің ерлігін жоғары бағалады. 1945 жылы 31 майда 

Иван Илларионович Кривенкоға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 1994 жылы қаланың бір 

көшесіне И. И. Кривенко есімі берілген.

Әдебиеттер

Кривенко Иван Илларионович // Совет Одағының Қазақстандық  батырлары. - 2т. - 

Алматы, 1969. – 1 т. – 423 – 424 б.

25 тамыз                                                            жазушы

 

Қ. Исабаевтың

   

туғанына 85 жыл (1925)

1925  жылдың  25  тамызында  Павлодар  облысындағы  Баянауылда  туған.  1943 

жылдың  қаңтарында  10  класс  партасынан  Совет  Армиясы  қатарына  шақырылады  да, 

одан  1954  жылдың  күзінде  запасқа  шығады.  Ұлы  Отан  соғысына  қатысқан.  1954— 

1955 оқу жылында Алматы қаласының кешкі жастар мектебінде 10 класты бітірісімен, 

Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетіне сырттай түсіп, оны 1961 жылы 

бітіріп  шығады  және  осы  уақытта  "Социалистік  Қазақстан"  газетінде  әдеби  қызметкер 

болып істеген.

"Баян"  атты  әңгімесі  1954  жылы  "Әдебиет  және  искусство"   ("Жұддыз") 

журналына жарияланған. Ертіс — Қарағанды каналының жобасымен танысып, 1961 жылы 

болашақ  су  жолы  жүретін  жерлермен  500  километр  жаяу  сапар  шегіп,   "Арман 

арнасымен" атты күнделік кітабын жазды. Он екі жыл бойы құрылыстың басы-қасында 

болып

. "По руслу мечты", "Подвиг в степи", "На стыке судеб", "Сұңқар самғауы" 



атты кітаптар, жүзден астам проблемалық очерктер мен мақалалар жазды. 1992 жылы 

Павлодар  облысындағы  Ермак  каласына  қойылған  баскыншы  атаманның  ескерткішін 

алуға,қала атын Ақсу деп өзгертуге атсалысты.

Драматургия   саласында   "Десант"  атты   комедиясы   Қазақ   КСР   Мәдениет   министрлігінің 

1984   жылғы   конкурсында   жүлдеге     ие   болған.   1979—1980   жж.   Абайдың   "Қараңғы   түнде   тау 

қалғып" өлеңін мәрмәр тасқа қашатып, Гетенің ГДР-дегі Габелбах музейіне қойған және осы сөзге 

жазылған Абай әнінің магнитофон таспасын тапсырған. ГДР газеттері  Тюрингияда  шырқалған 

Абай әнін жыл сайын 60 мыңдай адамның  тыңдайтынын жазды. Жазушының бастамасымен 2000 

жылы Берлиннің бір көшесіне Абай аты берілді.

Қызыл Жұлдыз (1945), Еңбек Қызыл Ту (1975), "Құрмет" ордендерімен, ГДР-дің Герман—

Совет  достығы қоғамының алтын белгісімен (1983) және көптеген медальдармен марапатгалған

Әдебиеттер

11


Исабаев, Қ. Айқыз: роман. - Алматы: Жазушы, 1967. – 207 6.

Исабаев ,Қ. Арна: роман.-Алматы: Жазушы, 1984. – 320 6.

Исабаев, Қ. Бақытты сәттер: өмірбаяндық повесть, эссе-әңгімелер. - Алматы: Жалын, 1989. 

– 288 6.


Исабаев, Қ. Баян. Әңгімелер жинағы.-Алматы, 1959. - 156 6.

Исабаев,Қ. Жолдас комендант. - Алматы: Жазушы, 1975. – 388 6.

Исабаев, Қ. Өрде: роман. - Алматы, 1978. - 264 6.

Исабаев, Қ. Өткелде: роман. - Алматы; Жазушы, 1974. – 312 6.

Исабаев, Қ. Серт: роман. - Алматы: Жазушы, 1991. – 462 6.

Исабаев, Қ. Соңғы тәсіл: повестер мен әңгімелер. - Алматы: Жазушы, 1987. – 432 6.

Исабаев, Қ. Сұңқар самғауы: роман. - Алматы: Жазушы, 1966. -140 6.

***


Исабаев, Қ. Жанақтар жайы // Жұлдыз. - 2000. - № 4. – 115 – 120 б.

Исабаев,   Қ.   «Жалпы,   тіл   мәселесінде   дәрменсіздік   танытуға   болмайды»:   жазушы   Қ. 

Исабаевпен әңгіме// Сарыарқа самалы. -  2009. – 2  шілде. – 4 -5 б.

Исабаев,Қ. Соғыстан соңғы  ақиқат // Егемен Қазақстан. - 2000. - 26 шілде. – 11 б.

Исабай,  Қ.   "Алтын   адамнан"   алтынды   неге   аяймыз?   //   Егемен   Қазакстан.  -  2001.  -  31 

каңтар. – 12 б.

Исабай, Қ. Шорман-бала би // Сарыарка самалы. - 2000. - 26 тамыз 

-  4 - 5 6.

Исабай,  Қ.  Ақкелін:  Қазақстан  шөкімдей  бір жерінің  тарихы.  Баянауыл  өңірі

 

//  Егемен 



Қазакстан. -2006. – 26 шілде. – 14 б. 

***


Қ. Исабаев  // Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. – 10 т. - Алматы, 2002. – 4 т.–316 б.

Қ. Исабаев  // Қазақ ССР: Қысқаша энциклопедия. - 4т. - Алматы, 1989. - 4 т. – 279 б.

Қ. Исабаев  // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр. Анықтамалық. -  Алматы, 2004. – 150 – 

151 б.


Қ. Исабаев  //Алдабергенов Қ .М. Бір туар дара тұлғалар / Қ. М. Алдабергенов, Е. Арын, Б. 

Т. Баткеева. – Павлодар, 2003. - 256 – 262 б.



3 казан                       ақын, әнші Иса Байзақовтың туғанына 110 жыл (1900-1940)

3   кыркүйекте   Павлодар   облысы,   Ертіс   ауданы,   Үлгілі   ауылында   туған.   Әкесі   Байзақ, 

шешесі   Ғазиза   сауықшыл,   өнерпаз   адамдар  болған.   Ол   кісілер   Иса   9   жасқа   шыққанда   қайтыс 

болып,   өлеңші,   әңгімеші   әжесі   Жанбаланың  бауырында   өседі.   Жастайынан   суырыпсалма 

ақындық, әншілік, домбырашылық өнерімен көзге түседі. Он жасынан жалшылықпен күнелтіп, 

Сібір шахталарында жұмыс істейді.

1919-1920 жж. ел ішінде Бағит, Құдайберген деген акындармен айтысып, жеңеді. 1921 ж. 

Семейде жұмысшы факультетінде оқиды, драма үйірмелеріне қатысады. 1922 жылы Орынбордағы 

Қазақ халық ағарту институтына оқуға түседі.

Өлеңдері   баспасөзде   тұңғыш   рет   1924   жылы   жарияланды.   1926   жылы   Қызылордада 

қазақтың тұңғыш ұлт театры ашылғанда, М.Әуезовтің "Еңлік— Кебегі" мен "Бәйбіше-тоқалында" 

басты   рөлдерде   ойнайды.   "Заулатшы-ай"   (1926),   "Ісмет",   "Назқоңыр"   (1927),   т.б.   40-тан   астам 

халық әндерінің сөзін жаңа заманға, өмір салтына сәйкес кайта жазады. Репертуарындағы халық, 

әндерінің көпшілігі "Қыз Жібек", "Айман-Шолпан", "Ер Тарғын" операларына енді.

1931—1940 жж. Алматы, Қарағанды, Семей қалаларында радиода, Жазушылар одағында 

қызмет етті, Оңтүстік Қазакстан облысында тұрып ауыл-ауылды аралап жалынды өлеңмен, асқақ 

өнерімен үгітшілік қызмет атқарды. Оның атақты "Желдірмелері" (бес желдірме) халық арасына 

кеңінен тарады.

Шығармалары бірнеше рет жеке кітап болып басылды, орыс тілінде де жарияланды (1967). 

Жазушы  Н.Анов "Ән қанаты" романында (1956), осы аттас кинофильмде (1962) әнші-ақынның 

көркем бейнесін жасады.

12


Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған.

Әдебиеттер

 Ахметова, Э. "Тіл өрнегінің үздік зергері": [ақын Иса Байзақовтың

шығармашылығы туралы] / Э. Ахметова, Г. Әбілдинова //Айдын.- 2006. - № 3 (қараша). - 6 -7б.

Әбішұлы, Ә. Ақиық ақын еді: Иса Байзақов жайында бір үзік сыр / Ә., Әбішұлы. 

//Парасат.- 2007. - № 7. - 8 - 10 б.

 Бақраденова, А. Б. Ақын шығармаларының мәнерлігі: [ақын Иса Байзақовтың 

шығармашылығы туралы] / А.Б. Бақраденова, Ә. Жапабаева. //Айдын.- 2006. - № 3 (қараша). -11 – 

16 б.


 Бәделханұлы, А. Ақбөпенің прототипі кім ?: [ақын И. Байзақовтың "Ақбөпе" поэмасы] / 

А., Бәделханұлы //Сарыарқа самалы. - 2007. - 25 қазан. - 16 б.

 Жақсыбаев, А. Иса өмірінің ашылмаған сырлары көп..: жерлесіміз, жазушы А. 

Жақсыбаевпен шығармашылық әлемі және ақын И. Байзақов жайлы әңгіме / әңгімелескен С. 

Молдайып / А. Жақсыбаев //Шаһар.- 2009. - 21 мамыр. - 5 б.

 Кәкішев, Т. Исаны тани алдық па?!: [ақын Иса Байзақов туралы] / Т.Кәкішев. //Егемен 

Қазақстан.- 2007. - 9 қаңтар. - 3 б.; // Сарыарқа самалы.- 2007. - 11 қаңтар. - 6 б.

 Сейітова, М. Ақынның эпикалық шығармаларының өзгешеліктері: [ақын Иса Байзақовтың 

шығармалары туралы] / М., Сейітова.//Қазақ тілі мен әдебиеті.- 2008. - № 5. -133-136 6.

 Сейітова, М. Иса шығармаларындағы сырлы әлем: [ақын И. Байзақовтың 

шығармашылығы жайлы] / М. Сейітова //Ақиқат.- 2008. -№11. - 249 - 250 б.

 Сүтжанов, С. Өлең болып өрілген өмір: [ақын Иса Байзақовтың шығармашылығы 

туралы] / С. Сүтжанов.//Айдын.- 2006. - № 3 (қараша). - 3 - 5 б.

 Шаханова, Г. К. Ақын поэзиясының көркемдік ерекшелігі: [ақын Иса Байзақовтың 

шығармашылығы туралы] / Г.К.Шаханова //Айдын.- 2006. - № 3 (қараша). - 6 -7 б.

4 қазан

    

                  

Қазақстандық зерттеуші ғалым, этнограф және 

  географ Г. Потаниннің туғанына 175 жыл (1835-1920)

Потанин   Григорий   Николаевич   1835   жылы   Павлодар   облысы   Ямышево   поселкесінде 

туған.   1845-1952   жылдары   Омбыдағы   кадет   корпусында   оқыды.   Сол   кезеңде   қазақ   ғалымы 

Ш.Уәлихановпен танысқан. Омбы облыстық архивінде біріге жұмыс жасап, қазақ халқы жөніндегі 

тарихи-этнографиялық әдебиеттерді зерттеген.

1853-58   жылдары   Сібірде   әскери   қызметте   болды.  1859-61   жылдары   Петербург 

университетінің физика-математика  факультетінің жаратылыстану бөлімінде окыды.

 

Г.Потанин 



студенттер толқуының "Сібір үйірмесін" құруға қатысқаны үшін 1861 жылы Петропавл камалына 

тұтқындалды. 1862 жылы Сібірге жер айдалып, 1865-74 жылдары "Сібір бостандығы" қоғамына 

қатысқаны үшін қамауға алынды. 1874 жылы Орыс географиялық қоғамының өтініші бойынша 

босатылды.

1876   жылдан   бастап   Сібір   мен   Орталық   Азияның   аз   зерттелген   аудандарының 

географиясы, этнографиясы, фольклоры, ботаникасы мен экономикасы жөнінде деректер жинау 

мақсатымен   бірқатар   саяхаттар   жасады.   Олардың   ішінде   1876-77   және   1879-80   жылдары 

Солтүстік-Батыс Моңғолияға, 1899 жылы Үлкен Хинганға жасаған экспедициялары назар аударта-

ды. Сонымен қатар, Потанин Забайкалье, Алтай және Қазақстанда (Баянауыл, Сырымбет) болып, 

қазақ халқының аңыздарын, ертегілері мен әдет-ғұрыптары жайлы деректер жинап, кітап

 

жазды.


Г.Потанин   235   кітап   және   мақалалар   жазды.   Ш.Уәлихановтың   ғылыми   еңбектерін 

жариялауға үлкен еңбек сінірді. Батыс Сібірдің мәдени және қоғамдық өміріне белсене араласып, 

географиялық және басқа да қоғамдық ұйымдар, мектептер, әйелдер курсын, мұражайлар ашуға 

қатысты.


Г.Потаниннің құрметіне қарай Наньшанъ жоталарының* біріне және Монғол Алтайының 

мұздығына оның есімі берілді.



Әдебиеттер

13


Потанин Григорий Николаевич // Қазақ ССР: Қысқаша энциклопедия. -     4т. - Алматы, 

1988. – З т. – 442 – 443 б.

Потанин Григорий Николаевич //Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. – Алматы, 2005. – Т. 7.- 

390 б.


ПМУ хабаршысы=Вестник ПГУ: С. Торайғыров атындағы ғылыми журналы, № 3, 

2007. /бас. ред. Н. Э. Пфейфер. – Павлодар, 2007.



13 қазан                                      белгілі журналист, балалар жазушысы Е.Ерботиннің 

туғанына 70 жыл (1940-1992)

Павлодар   облысы,   Баянауыл   ауданында   туған.   Қарағанды   мемлекеттік   пединститутын 

бітірген.   Павлодар   облысы   теледидар   жәнс   радиохабары   жөніндегі   комитетте,   республикалық 

Қазақ радиосының Павлодар облысындағы меншікті тілшісі боп ұзақ уақыт еңбек етті.

1959 жылы республикалық "Балдырған" журналында балаларға арналған алғашқы сықақ 

өлеңі басылады. Содан бері кішкентай окырмандарға арналған "Өрнек" атты алғашқы өлендер 

жинағы (1975), "Өнеге" (1977), "Серік пен Берік" (1981), "Менің досым" (1984), "Балалар бала 

болғанда", (1987), "Далаға саяхат" (1991) атты кітаптары жарық көрді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет