Пациенттерге жедел медициналық көмек


Артериалдық гипотензия кезінде



Pdf көрінісі
бет9/15
Дата20.06.2023
өлшемі269 Kb.
#102453
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Байланысты:
лекцияларЖМЖС (копия)

Артериалдық гипотензия кезінде:
– реополиглюкин – 400,0 мл венаға тамшылатып енгізу, 
– норадреналин 0,1% 1,0 мл (2,0 мл) ерітіндісін 400,0 мл 5% глюкоза 
сұйықтығымен араластырып венаға тамшылатып енгізу, АҚҚ тұрақталған 
уақытқа дейін препараттың енгізуін жылдамдату керек. 
ған уақытқа дейін препараттың енгізуін жылдамдату керек. 
 
Психостимуляторлармен улану 
Амфетаминдер – экстази, Ева, Адам, эфедрин, кокаин, эуфиллин. 
Клиникасы:
– қорқынышты түр, 
– қозғалыстық және психикалық қозу, 
– мидриаз, 
– гипергидроз, 
– тахикардия, 
– жүрек аймағындағы ауру сезімі (кокаин), 
– гипертензия, 
– гипертермия, 
– дірілдік синдром. 
Шектен тыс көп мөлшерде «синтетикалық» амфетаминдердің 
(экстази) мөлшерін қабылдағанда науқас ерекше жағдайға түседі, бірақ есі 
ауыспайды, қозғалуға және сөз сөйлеуге шамасы болмайды. 
Біріншілік көмек: 
– асқазанды жуу, 
– антидот енгізу, 
– қозу кезінде: 
– реланиум – 2,0 мл венаға енгізу, – гипертензия дамығанда: 
– нитроглицерин 1-2 таблетканы тіл астына немесе 
– коринфар – 10-20 мг шайнап, жұту немесе, 
– фентоламин – 0,5 мл 20,0 мл 40% глюкоза сұйықтығына 
араластырып АҚҚ бақылау жүргізе отырып, венаға тамшылатып жайлап құю. 
Тактика: науқасты токсикология бөлімшесіне жатқызу.
Тасымалдау: науқасты зембілге бір бүйіріне жатқызып тасымалдау. 
Клофелинмен улану
 
Клиникасы: 
– кома, 
– брадикардия, 
– гипотензия, 
– бұлшықеттердің гипотониясы, 
– миоз пайда болуға икемділік, 
– ауыз қуысы кебіңкі. 
Біріншілік көмек: 
Есі тежелген кезде: 


– налоксон 0,05% 2,0 мл 20,0 мл 10% глюкоза сұйықтығымен 
араластырып венаға енгізу. 
Брадикардия кезінде: 
– атропин 0,1 % 1,0 мл 20,0 мл 40 % глюкоза сұйықтығымен араластырып 
венаға енгізу. 
Артериалдық гипотензияда: 
– преднизолон – 60 мг венаға енгізу, 
– реополиглюкин – 400,0 мл венаға тамшылатып енгізу, 
– 0,9% – 400,0 мл физиологиялық сұйықтықты венаға тамшы- 
латып енгізу, 
– аскорбин қышқылын 5% – 5,0 мл венаға тамшылатып енгізу. Тактика
Науқасты токсикология бөлімшесіне жатқызу. Тасымалдау: науқасты зембілге 
бір бүйіріне жатқызып
тасымалдау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет