ЖМЖС
30.01.23жыл
Пациенттерге жедел медициналық көмек. 1-лекция
Жедел жәрдем деп тәулік бойы адам өміріне қауіп төндіретін аурулар мен ауыр жағдайлар туындаған сәттен немесе оқиға болған жерден бастап, емдік-профилактикалық мекемеге жеткізгенге дейінгі уақыт аралығында, науқасқа шұғыл медициналық көмек көрсетеуге ұйымдастырылған жүйені атайды.
Жедел медициналық жәрдем бекеттері міндетіне мыналар кіреді: Ауруханаға дейінгі кезеңде науқастың немесе оны қоршаған адамдардың денсаулығына және өміріне қауіп төнген жағдайда, кенеттен болған аурулар, созылмалы аурулардың асқынуы, бақытсыз жағдайлар, жарақаттар, уланулар, жүктіліктің және босанудан кейін асқынулар болған жағдайда ЖМЖ көрсету;
Шұғыл науқастарға арнап ауруханаларда орын бөлу, жедел қан құюлар кезінде қан жеткізу немесе шұғыл консультациялар кезінде мамандарды жеткізу.
Ғылыми-практикалық, әдістемелік және санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу.
Жарақаттар мен оқыс оқиғаларды болдырмау мақсатында жасалатын шараларға қатынасу.
Криминалды жарақаттарды (пышақтау, ату) жергілікті құқық қорғау органдарына, ал шұғыл жағдайларды (су тасқыны, өрт, жол-көлік оқиғалары) жергілікті билік органдарына хабардар ету.