Анаэробты инфекция ( анаэробтық өліеттену, газды инфекция, бұлшық еттің анаэробтық қабынуы) – анаэробтық микроорганизмдер тудыратын, бұлшық етпен дәнекер тіндерін зақымдайтын ауыр жарақат инфекциясы. Анаэробты инфекция жарақаттың ең қауіпті асқынуы болып табылады.
Анаэробты инфекция дамуына жағдай туғызатын факторлар:
Тіндердің ауқымды жарақаттануы мен олардың топырақпен, бөгде денелермен ластануы, оттегімен нашар жабдықталуы.
Таңғыштар, қылбұрау салу, үлкен қан тамырларының жарақаттануы мен олардың бастауынан байлау салдарынан тіндердегі қан айналысының бұзылыстарынан.
Қанды көп жоғалту мен жарақат кездегі шок.
Жаралы организмнің қажуы, дерт немесе басқа да фактор салдарынан әлсізденуі.
Жарақат алған жерге байланысты: анаэробты инфекция аяқ – қол жарақаты кезінде жиі дамиды, өйткені аталған дене бөліктері басқа ағзаларға қарағанда ластау және үлкен бұлшық ет массивтері жарақатталады.
Көктемгі және күзгі ылғалды мезгіл анаэробтық инфекцияның дамуына қолайлы
Жарақат өзегі терең және сыртқы ортамен байланысы нашар қуыстың болуы.
Аралас түрі – ісіну мен эмфизема процестері қатар жүреді.
Шірулік түрі – патогендік қасиеттері әлсіз қоздырғыштар спорасының көбеюіне байланысты тіндерде өліеттену процестері дамиды, олар өз кезегінде тіндерде өліеттену процестері дамиды, олар өз кезегінде тіндерде анаэробтық инфекцияның басты қоздырғыштарының көбеюіне жағдай туғызады.
Флегмонозды түрі - бұл түрінде ісіну мен эмфизема әлсіз көрінеді, таралуға бейімді емес, екіншілік инфекция қоздыратын іріңдік процестермен қосарланып жүреді және солардың «тасасынан» байқау қиын болады. Инфекцияның бұл түрі басқа түрлермен салыстырғанда қолайлы жүреді және хирургиялық емге тез көнеді.