Мақсаты: қан қысымының көрсеткіштерін анықтау және баға беру. Пациентпен сенімділік қарым - қатынас жасаңыз; Мақсатын, мағынасын түсіндіріп, пациенттің келісімін алыңыз; Керекті жабдықтарды дайындаңыз; Қолды жуып, құрғатыңыз; Пациентті ыңғайлап жатқызыңыз немесе отырғызыңыз; Қолын дұрыстап салып, астына жастықша салыңыз; Манжетканы иығына салып, трубкаларын төмен қаратыңыз; Манометрді манжеткамен жалғаңыз; Манометрдің көрсеткіші "0"- де болуы керек. Фонендоскопты білек шұңқырына салып, грушаның бұрандысын жауып ауа жіберіңіз; Бұранданы ашып, жайлап ауаны шығарыңыз;. Тамыр соғуының жоғарғы және төменгі көрсеткішін анықтаңыз; Толығымен барлық ауаны шығарыңыз; Процедураны 5 минуттаи кейін қайталаңыз; Манжетканы шешіңіз; Манометрді қапшыққа салыңыз; Фонендоскопты екі peт 70% спиртпен сүртіңіз; Систолдықпен диастолдық қан қысымын керекті құжатқа тіркеңіз; Қолды жуып, құрғатыңыз.
Ескерту: Қан қысымын өлшер алдында кофе және қою шай ішуге болмайды. Қан қысымын өлшер алдында 30 минут бұрын шылым шегуге болмайды. Дәрілерді, мұрынға, көзге тамшыларды қолдануға болмайды. Қан қысымын 5 минут пациент демі алғаннан кейін өлшейді. Қан қысымын 3 рет аралығы 1 минуттан өлшеп ортаңғы саның алады. Қан қысымын өлшегенде манжетканың тығыздығы 1 саусақ сиятың болады және шынтақ шұңқырынан 1 см жоғары болу керек. Манжетканы жүрек тұсына дәл келтіреді. Егер пациент бірінші рет қан қысымьш тексертіп отырса, онда екі қолынан өлшеп қай қолда қысымы жоғары болса, сол қолдан өлшеп отырады. 65 жастан асқан қан диабеті бар пациенттердің қан қысымын тұрған кезде өлшейді.
Демнің жиілігін, ырғақтығьш, тереңдігін тексеру Мақсаты: Демнің негізгі мінездемелері. Көрсеткіштері: тыныс органдарының функционалдық жағдайын бағалау. Жабдықтар: секундасы бар сағат, температура қағазы, қалам. Ескерту: демнің санын пациентке хабарламау керек. Пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасаңыз; Келісім алыңыз; Қолды ыңғайлап қойыңыз; Пациентті ыңғайлап жатқызыңыз немесе отырғызыңыз Ескерту: кеудесіндегі киімдерін шешіңіз. 1. Пациенттің тамыр соғысын өлшеген тәрізді қылып қолын алыңыз; 2. Пациенттің және өзіңіздің қолыңызды кеудесіне немесе ішіне қойыңыз; 3. Сскуңдомермен минутына қанша дем болғанын санаңыз; 4. Жиілігінің, тереңдігін, ырғақтығын бағалаңыз; 5. Осы жүргізген процедураны пациентке түсіндіріңіз; 6. Қолды жуып, құрғатыңыз; 7. Керекті құжатқа тіркеңіз.