Мақсаты:Тамыр соғысының негізгі қасиеттерін анықтау- жиілігін, ырғақтығын, толуын, толықсуын. Көрсеткіші: организмнің функционалдық жағдайын бағалау. Жабдықтар: сағат немесе секундомер, температура қағазы, қалам. Пациентпен сенімділік қарым- қатынас жасаңыз;. Процедураның жүрісін, мақсатын түсіндіріңіз; Келісім алыңыз; Керекгі жабдықтарды дайындаңыз; Қолды жуып, құрғатыңыз; Пациентке ыңғайлы жағдай жасаңыз; 2-,3-,4- саусақден пациештің қолының сәуле артериясына салып, артерия қабырғасының қозғалуын анықтаңыз; 60 сек ішінде тамыр соғуын өлшеңіз; Тамыр соғу аралығын бағалаңыз; Тамыр толуына баға беріңіз; Температура қағазына тамыр соғысының касиеттерін тіркеңіз, (графикалық) және қадағалау қағазында тіркеңіз (саңдық тәсіл бойынша). Пациентке тексеру қорытындысьш хабарлаңыз; Қолды жуып құрғатыңыз.
Қан қысымын өлшеудің мейіркештік технологиясы Артериялдық деп - ағзадағы артерия жүйесінде, жүрек жиырылған кезде пайда болып және нервтің гуморальдық күрделі реттелуден, жүректің қанды айдау жылдамдығынан және шамасынан, қан тонусының жиілігінен және ырғақтылығынан тәуелді болатын қан қысымын айтады. Қан кысымы систолдықжене диастодцық больш екіге бөлінеді. Систолдықдеп - жүрек қарыншаның жиырылуына байланысты қан қысымын атайды. Диастольдық деп-қарыншаның босауына байланысты қан қысымын атайды.Пульстық қан қысым деп систолдық және диастолдық қан қысымдарының арасындағы айырмашылықты атайды. Қан қысымын танометр жабдығымен өлшейді. Танометрлердің бірнеше түрлері болады: сандық, сынашық, сфигмоманометрлік.
Электрондық(дауыссыз) танометрмен қан қысымын өлшегеңде мынаңдай факторларды есепке алу керек: манжетканың размерін, фонендоскоп, мембрананы т.б. Норма бойынша қан қысымы адамның жасымен, сыртқы факторлардан, нервтік, физикалық құштен байланысты болады. Ересек адамдардың: систоликалық қан қысымы 120/129 мм. с.б., диастоликалық 80/84 мм сб., пульстік кан қысымы норма бойынша 40-45 мм с.б.б. болады. Әртүрлі жағдайда қан қысымының қалыпты көрсеткіштері өзгереді, оны артериялдық гипертензия немесе гипертония деп атайды. Қан қысымы төмендесе артериалдық гипотензия немесе гипотония деп атайды.