Пайдалану нұсқаулығы Электрондық тақта (elite Panaboard)



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата15.03.2017
өлшемі1,73 Mb.
#9558
  1   2   3

Пайдалану нұсқаулығы

Электрондық тақта

(elite Panaboard)

Үлгі №


 UB-T880

W

UB-T880W



Түпқойма бөлек сатып алынады.

UB-T880


Орнату нұсқаулығы (техникалық қызмет көрсетудің білікті мамандары үшін) берілген

Осы жабдықты құрастыру үшін, 36-56 беттегі орнату нұсқаулығын қараңыз.



Осы құрылғыны пайдаланбас бұрын, осы нұсқаулықты толық оқып шығып, болашақта анықтама 

ретінде пайдалану үшін сақтап қойыңыз.

Осы құрылғыны қызмет көрсетудің білікті маманы орнатуы керек. 



Рұқсат етілмеген адамдар орнатса, жабдық қолданысының қауіпсіздігіне қатысты ақаулықтар тууы 

мүмкін.


Panasonic ақпараттық орталығы:

Мəскеуден қоңырау шалғанда: +7 (495) 725-05-65. Ресей бойынша тегін қоңырау шалу: 8-800-200-21-00.



Кіріспе

2

Пайдалану нұсқаулығы



Кіріспе

Кіріспе

Panasonic электрондық тақтасын сатып алғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!



Тиімді жəне қауіпсіз пайдалану үшін, осы нұсқаулықты мұқият оқыңыз.

Функциялардың сипаттамасы

elite Panaboard тақтасын компьютерге жалғап жəне суретті проектор арқылы компьютердің экранынан 

elite Panaboard тақтасына шығарып, төмендегі əрекеттерді орындауға болады.

Түрту жəне электрондық қаламның функциялары

Электрондық қаламды тінтуір ретінде қолданып компьютердің экранындағы элементтерді 



жылжытыңыз.

Электрондық қаламды пайдаланып компьютер экранында сызықтарды сызыңыз жəне өшіріңіз, 



сондай-ақ сызықтардың түсін таңдаңыз жəне басқа əрекеттерді орындаңыз.

Компьютер экранында саусақпен 3 адам сызықтарды сыза жəне өшіре алады.



Компьютер экранында салынған сызықтарды сурет файлдары ретінде сақтаңыз.

Компьютер экранындағы элементтерді электрондық қаламдағы жоғары-төмен түймелерін 



пайдаланып қашықтан істетіңіз.

Windows



®

7 құрылғысының бір уақыттағы бірнеше басуды бақылау функциясын қолдайды.



elite Panaboard book

elite Panaboard тақтасының мəтін енгізу, сурет салу жəне сурет əрі компьютер функцияларын енгізу 

сияқты функцияларын қолдайтын elite Panaboard book бағдарламалық құралын пайдаланыңыз. 

Бұл бағдарламалық құрал компьютердің экранының суреттерін сақтауға жəне ары қарай 

пайдалану үшін оларды шығарып алуға мүмкіндік береді.

Ішкі USB динамигі

elite Panaboard тақтасының ішкі USB динамигі бар. Тақта компьютерге жалғанып тұрғанда, дыбыс 

USB динамигінен шығады.

USB концентраторларының функциялары

elite Panaboard тақтасы əдетте 2 порттық USB концентратормен жеткізіледі. Сканерлерді, 

принтерлерді немесе сыртқы USB жад тасығыштарын жалғап, олардың функцияларын тікелей elite 

Panaboard тақтасымен пайдалануға болады. USB перифериялық құрылғылардан енгізілген 

ақпаратты ақ тақтада жасалатын көрсетілімдерге оңай қосуға болады.

Пайдалану түрлері

Оқыту

Саусақпен elite Panaboard тақтасына шығарылатын əртүрлі оқу бағдарламалық құралдарын 



басқарып тиімді оқу ортасын жасаңыз. Бағдарламалық құралдың экрандарында саусақпен 

немесе электрондық қаламмен жазыңыз немесе сурет салыңыз.

Түсініктемелерді қосудың бірнеше құралдарын (мысалы, көрсету жəне таңбалау құралдары) 



пайдаланып оқушыларды жылдам өзгеретін экран суреттері арқылы қызықтыруға болады.

Сұрақтарды көрсетіп, жауаптарды жасыратын экранды жасыру функциясын пайдаланып əрі 



оларды бірізді түрде экранда көрсету арқылы оқушыларды ынталандырыңыз.

Оқытушы сабаққа дайындаған материалдарын elite Panaboard тақтасында көрсетілетін етіп 



алдын ала дайындауы мүмкін.

Кіріспе

3

Пайдалану нұсқаулығы



4

Бизнес

Суреттерді көрсету мүмкіндігі жəне басты мəселелерді белгілеу үшін саусақты немесе 



электрондық қаламды пайдалану арқылы өнімдердің сипаттарын көрнекі етіп көрсетуге жəне 

өнімнің əдемі көрсетілімдерін жасауға болады.

Компанияңыздағы elite Panaboard тақтасына шығарылатын ақпаратты (соның ішінде, саусақ 



немесе электрондық қалам арқылы қосылған) бейнеконференцияларды жасау жабдығының 

көмегімен нақты уақыт режимінде қашықтағы жерлерде көрсетуге болады.



Назар аударылатын мəселелер

Қысқартулар

Windows


®

 — Microsoft

®

 Windows


®

 амалдық жүйесін білдіреді.

Windows

®

XP — Microsoft



®

 Windows


®

 XP амалдық жүйесін білдіреді.

Windows Vista

®

 — Microsoft



®

 Windows Vista

®

 амалдық жүйесін білдіреді.



Windows

®

7 — Microsoft



®

 Windows


®

7 амалдық жүйесін білдіреді.

DirectX

®

 — Microsoft



®

 DirectX


®

 бағдарламалық пайдаланушы интерфейсін білдіреді.



Сауда белгілері

Microsoft, Windows, Windows Vista, DirectX, Windows Media жəне Internet Explorer — тіркелген сауда 



белгілері немесе Microsoft Corporation корпорациясының АҚШ-тағы жəне/немесе басқа елдердегі 

сауда белгілері.

IBM — International Business Machines Corporation компаниясының АҚШ-тағы, басқа елдердегі 



немесе екеуіндегі сауда белгісі.

Intel жəне Pentium — Intel Corporation компаниясының АҚШ пен басқа елдердегі сауда белгілері.



Adobe, Reader жəне Flash — Adobe Systems Incorporated компаниясының АҚШ-тағы жəне/немесе 

басқа елдердегі тіркелген сауда белгілері.

Осы нұсқаулықта көрсетілген басқа сауда белгілер тиісті иелерінің меншігі болып табылады.



Болашақ анықтама үшін

Сатып алынған күні

Сериялық нөмірі

Дилер компанияның атауы

Дилер компанияның мекенжайы

Дилер компанияның телефон нөмірі



Тауар чегінің орны

Кіріспе

4

Пайдалану нұсқаулығы



Бағдарламалық құралдың мəліметі

elite Panaboard software жəне elite Panaboard book бағдарламалық құралдарының нұсқаулықтары (бірге 

беріледі) бағдарламалық құралмен қоса берілетін анықтамалық ақпаратпен бірге жеткізіледі.

Анықтамалық ақпаратты пайдалану жолдарын «Бағдарламалық құралдың мəліметін қарау» бөлімінен 

қараңыз (бет 27).

Федеральды байланыс комиссиясының (FCC) талаптары мен 

Канададағы өндірістік талаптар (IC)

Тек АҚШ пен Канада үшін

Бұл құрылғы Федеральды байланыс комиссиясы ережелерінің 15-бөліміне жəне IC ережелерінің 

RSS-Gen талаптарына сəйкес келеді.

Жұмыс төмендегі екі жағдай орындалғанда ғана істелуі мүмкін: (1) бұл құрылғы кедергілер туғыза 

алмайды, жəне (2) бұл құрылғы кез келген кедергіні, соның ішінде құрылғының күтпеген 

əрекеттерін туғызатын кедергілерді қабылдауы керек.



Федеральды байланыс комиссиясының (FCC) талаптары

Тек АҚШ үшін

Ескертпе

Бұл жабдық тексеріліп, Федеральды байланыс комиссиясы ережелерінің 15-бөліміне сəйкес 

А класты сандық құрылғылардың шектеулеріне сəйкес келеді деп танылған. Бұл шектеулер 

жабдықты кеңседе пайдалану кезіндегі кедергілерден қорғауға арналған. Бұл жабдық 

радиотолқындар тудырады, пайдаланады жəне шығарады. Бұл толқындар жабдық осы 

нұсқаулыққа сəйкес орнатылмаған немесе қолданылмаған жағдайда радио байланысының 

кедергілерін туғызуы мүмкін. Бұл жабдықты тұрғын жайда пайдалану кедергі туғызуы мүмкін. 

Бұндай жағдайда, пайдаланушы кедергіні өз бетімен жою керек.



FCC ескертуі

FCC талаптарына тұрақты түрде сəйкес болуы үшін, пайдаланушы тек экрандық интepфeйc 

кaбeлін жəне берілетін қуат сымын пайдалануы тиіс. Бұған қоса, осы құрылғының рұқсат 

етілмеген өзгерістері пайдаланушының осы құрылғыны пайдалану құқығын жояды.



Жоғары жиілікті əсерге қатысты ескерту:

Бұл электрондық тақтаны төменде көрсетілген аз қуатты, 2,4 ГГц жиілікті сымсыз USB 

адаптерімен жəне электрондық қаламмен бірге пайдалануға болады, сондай-ақ тақтаны басқа 

антенналардың немесе тасымалдағыштардың жанында немесе оларды жұмыс үшін 

пайдалануға болмайды. 

Бұл тасымалдағыштар радиациялық сəулеленуге қатысты FCC шектеулеріне сəйкес келеді. 

Бұл шектеулер 65 FCC/OET бюллетенінің қосымшасындағы жоғары жиілікті (ЖЖ) сəулеленуге 

қатысты FCC ұсыныстарына сəйкес болу мақсатымен бақылануы мүмкін емес аймақтар/халық 

үшін жасалған.

Олар меншікті сіңіру коэффициентін (SAR) өлшеместен ең жоғарғы рұқсат етілген əсер (МРЕ) 

бойынша есептелген ЖЖ сəулелену бағасына сəйкес келеді.


Кіріспе

5

Пайдалану нұсқаулығы



4

Канададағы өндірістік талаптар (IC)

Тек Канада үшін

Бұл жабдық IC сəулелену əсерінің шектеулеріне сəйкес келеді. Бұл шектеулер бақылануы мүмкін 

емес жабдықтар үшін жасалған жəне жоғары жиілікті (ЖЖ) сəулелену əсеріне қатысты IC 

ережелерінің RSS-102 бөліміне сəйкес келеді. Бұл жабдық жоғары жиілікті (ЖЖ) энергияның өте 

төмен деңгейін пайдаланады жəне меншікті сіңіру коэффициентін (SAR) тексерместен сəйкес 

болады деп күтіледі.



Деректерді сақтау туралы ескерту

Жүйеге қойылатын талаптар

Ескертпе

Жүйеге қойылатын талаптар туралы егжей-тегжейлі ақпаратты бірге берілетін DVD-ROM 



дискісінің орнату мəзіріндегі «Read Me First файлы» (бет 22) бөлімінен қараңыз.

Басқа қолданбалар, антивирустық бағдарламалар, т.б. қосылып тұрғанда, жүйелік талаптарға 



сəйкес болған жағдайдың өзінде, elite Panaboard тақтасы кешігіп əрекет етуі немесе электрондық 

қалам қате жұмыс істеуі мүмкін.



Жауапкершіліктен бас тарту

Panasonic System Networks Co., Ltd. компаниясы, басқа жағдайлардың ішінде, төмендегі əрекеттер 

салдарынан пайда болатын жазатайым уақиғалар немесе жарақаттар үшін жауапты болмайды:

1. Құрылғының өзгертілуі немесе қате орнатылуы.

2. Құрылғының басқа мақсаттарға қолданылуы.

3. Жер сілкінісі, өрт, су тасқыны, тасыған толқын, дауыл, найзағай немесе басқа да табиғи 

құбылыстарына байланысты.



4. Ғимараттың табиғи ескіруіне немесе осыған ұқсас құбылыстарға байланысты.

Егер жүйелік сақтау құрылғысы немесе кез келген қосымша сақтау құрылғысы басқару қателігінің, 

статикалық электр тоғының, электр кедергілердің, дірілдің, шаңның қолайсыз əсеріне ұшырайтын 

болса немесе электр қуаты ақаулыққа, жөндеу жұмыстарына немесе байқаусызда жасалған 

əрекеттерге байланысты үзілген болса, жадтағы деректер жоғалуы немесе өзгеруі мүмкін. Жүйені 

іске қосар алдында міндетті түрде қолдану нұсқаулығындағы жəне анықтамалық ақпаратындағы 

ескертулерді мұқият оқып шығыңыз жəне қолдану кезінде оларды қадағалаңыз.

Келесі ескертулерді мұқият түсініп алу керек:

Маңызды деректердің сақтық көшірмелері жасалғанын немесе түпнұсқалары сақталғанын 



тексеріңіз.

Осы құжат арқылы өндіруші дискеталарда, қатты дискілерде, оптикалық дискілерде немесе басқа 

сақтау құрылғыларында сақталған кез келген деректердің жоғалуына немесе өзгеруіне жауапты 

болмайтынын мəлімдейді.



Компьютер

DVD-ROM диск жетегімен үйлесімді болатын IBM

®

 PC/AT


Процессор

Процессор Intel

®

 Pentium


®

 4 немесе одан кейінгі нұсқа



Интерфейс

USB 2.0


Кіріспе

6

Пайдалану нұсқаулығы



ГФР пайдаланушылары үшін (тек Германия үшін)

Ескертпе

Жабдықтың шу деңгейінің өкімі — 3.GPSGV, дыбыс қысымының ең жоғарғы деңгейі — 70 дБ (А) 

немесе одан аз (EN ISO 7779 стандартына сəйкес).

Бұл құрылғы визуалды көрсету құрылғылары орналасқан жұмыс жеріндегі көру аясында 

пайдалануға арналмаған. Визуалды көрсету құрылғыларының жұмыс орындарында керексіз 

шағылысуды болдырмау үшін, бұл құрылғыны көру аясында орнатпаған жөн болады.



Кіріспе

7

Пайдалану нұсқаулығы



4

Мазмұны


Мазмұны

Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін ......................................................................8

Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін .............................................................................................. 8

Пайдаланушылар үшін .................................................................................................. 8

Қауіпсіздік туралы ақпарат (тек Ұлыбритания үшін) ..............................................11

Сақтық шаралар ............................................................................................................ 12

Басқа ақпарат ................................................................................................................ 13

Пайдалану ..............................................................................................14

Бірге берілетін құралдар ............................................................................................. 14

Бөлшектерінің атаулары жəне қолданысы ............................................................. 15

Сыртқы құрылғыларды жалғау ................................................................................. 18

elite Panaboard software/book бағдарламалық құралын орнату .......................... 22

Проекторды орнату ...................................................................................................... 24

Жүйені реттеу (мөлшерлеу) ........................................................................................ 25

elite Panaboard software бағдарламалық құралын іске қосу жəне мөлшерлеу ...... 25

Бағдарламалық құралдың мəліметін қарау ............................................................. 27

elite Panaboard software/book бағдарламалық құралын жою ............................... 27

Бағдарламалық құралдың соңғы нұсқасын жүктеп алу ....................................... 27

Қолданба ................................................................................................28

Күнделікті күтім ............................................................................................................. 28

Тақтаны тазалау elite Panaboard  ................................................................................ 28

Электрондық қаламның батареясын ауыстыру ........................................................ 28

Электрондық қаламның ұшын ауыстыру ................................................................... 29



Ақаулықтарды жою ...................................................................................................... 30

Техникалық сипаттамалар .......................................................................................... 33

Шығыс материалдары жəне қосымша құралдар ....................................................... 35



Орнату нұсқаулығы .............................................................................36

Орнату нұсқаулығы (білікті техникалық қызмет көрсетуші маманға арналған).... 36

Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін ............................................................................................ 36

Ескертпе ....................................................................................................................... 36



Бірге берілетін құралдар ............................................................................................. 38

Қабырғаға орнату ......................................................................................................... 40

Қабырғаны тексеру ...................................................................................................... 40

Қабырғаға бекіту тілімшесін орнату ............................................................................ 41

Қабырғалардың түрлері жəне орнату процедурасы ................................................. 43



Түпқойманы құрастыру KX-B061 (бөлек сатып алынады) ................................... 45

Жеткізілетін бөлшектер ............................................................................................... 45

Құрастыру нұсқаулары ................................................................................................ 46

Құрастыру нұсқаулары ................................................................................................ 49

elite Panaboard тақтасын орамнан шығаруға дайындау ........................................... 49

elite Panaboard тақтасын құрастыру ........................................................................... 50

elite Panaboard тақтасының жұмысын тексеру ....................................................... 55

Интерактивті мүмкіндіктерді тексеру .......................................................................... 55



Қайта орау ...................................................................................................................... 56

Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін

8

Пайдалану нұсқаулығы



Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін

Сіздің қауіпсіздігіңіз 

үшін

Ауыр жарақат алу немесе өлім жағдайының орын 

алуына жол бермеу үшін, сондай-ақ құрылғыны 

дұрыс əрі қауіпсіз пайдалану мақсатында осы 

бөлімде берілген нұсқауларды құрылғыны іске 

қосар алдында мұқият оқып шығыңыз.

Осы бөлімде нұсқаулықта қолданылатын 



графикалық белгілер сипатталған.

Пайдаланушылар үшін

Электр қуаты жəне жерге қосу

Ауыр жарақатқа 

немесе өлімге 

апаратын 

ықтимал қауіпті 

білдіреді.

Жеңіл жарақатқа 

немесе 


жабдықтың 

зақымдануына 

апаратын қауіпті 

білдіреді.

Бұл белгілер операторға 

белгілі бір əрекетті 

орындауға болмайтыны 

туралы хабар береді.

Бұл белгілер операторға 

жабдықты қауіпсіз 

пайдалану үшін белгілі 

бір əрекетке назар аудару 

керек екені туралы хабар 

береді.


АБАЙЛАҢЫЗ

ЕСКЕРТУ

Осы жабдықтың электр қуаты кернеуі 

өндіруші жапсырмасында көрсетілген. 

Құрылғының штепсельдік ұшын тек 

тиісті кернеулі айнымалы ток 

розеткасына жалғаңыз. Үстінде 

номиналды ток талаптары 

көрсетілмеген қуат сымын пайдалану 

түтіннің шығуына немесе құрылғы мен 

штепсельдің қызуына апаруы мүмкін.

Жабдықты пайдаланғанда, желі 

розетка құрылғының жанында жəне қол 

жетерлік жерде болуы керек.

Қауіпсіз істеуі үшін, құрылғымен бірге 

берілетін қуат сымын үш істікшелі 

штепсельге арналған əрі стандартты 

сыммен жерге жақсылап қосылған 

айнымалы ток розеткасына жалғау 

керек.

Жабдықтың қанағаттанарлық түрде 



істеп тұрғаны розетканың жерге 

қосылғанын жəне орнату жұмысы 

қауіпсіз түрде орындалғанын 

білдірмейді. Электр розеткасының 

жерге қосылуы күмəнді болса, 

қауіпсіздігіңіз үшін білікті электр 

маманына хабарласыңыз.

Штепсельдік ұшты айнымалы ток 

розеткасына жалғау мүмкін болмаса, 

білікті электр маманына розетканы 

жерге дұрыс қосылған розеткаға 

ауыстыртып алыңыз.

Жерге қосылған штепсельдің жұмыс 

принципін бұзбаңыз (мысалы, 

жалғастырғыш штепсельдерді 

қолданбаңыз).



АБАЙЛАҢЫЗ

9

Пайдалану нұсқаулығы



Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін

4

Орнату жəне орынды ауыстыру

Пайдалану барысындағы сақтық 

шаралары

Батарея

Қуат сымының ұшын айнымалы ток 

розеткасына мықтап жалғаңыз. Бұл 

талаптың орындалмауы өртке немесе 

электр тоғы соғуына апаруы мүмкін.

Қуат сымын тартпаңыз жəне бүкпеңіз, 

үстіне зат қоймаңыз, үйкелуіне жол 

бермеңіз. Қуат сымы немесе 

штепсельдік ұштың зақымданса, өрт 

пайда болуы немесе электр тоғы соғуы 

мүмкін.

Қуат сымын немесе розетканы өз 



бетіңізбен жөндемеңіз. Қуат сымы 

зақымданған немесе қажалып қалған 

болса, жөндеу қызметтерін көрсететін 

уəкілетті өкілге хабарласып, оны 

ауыстырып алыңыз.

Штепсель түйіспелерінің кірленбегенін 

тексеріңіз. Жоғарғы ылғалдылық 

жағдайында кірленген түйіспелер 

кернеудің едəуір жоғарылауын 

туғызып, қызуы мүмкін, ал розетка ұзақ 

уақыт бойы қараусыз болса өрт пайда 

болуы да мүмкін.

Ешбір жағдайда штепсельді дымқыл 

қолмен ұстамаңыз. Электр тоғы соғу 

қаупі бар.

Түтін шықса, қатты қызса немесе бөтен 

дыбыстар, иіс пайда болса, құрылғыны 

қолдануды тоқтатыңыз. Бұндай 

жағдайда өрт пайда болуы немесе 

электр тоғы соғуы мүмкін. Құрылғыны 

дереу өшіріп, қуат сымын ажыратыңыз. 

Бұдан кейін, дилерге хабарласып 

техникалық тексеруден өткізіңіз.

Құрылғыны розеткадан ажыратқанда, 

сымнан емес штепсельдік ұштан 

ұстаңыз. Қуат сымын күшпен тарту 

оның зақымдануына, өрттің пайда 

болуына немесе электр тоғының 

соғуына апаруы мүмкін.

Найзағай кезінде құрылғыға жəне 

штепсельге қолыңызды тигізбеңіз. 

Электр тоғы соғуы мүмкін.

Бұл құрылғыны орнату, оның орнын 

ауыстыру жəне оны тастау 

жұмыстарын тек білікті техникалық 

қызмет көрсету маманы орындауы тиіс.

Құрылғы бұдан былай қолданылмайтын 

болса, құлап қалмауы үшін, орнатулы 

қалдырмаңыз (құрылғыны шешіңіз). 

Құлаған жағдайда, құрылғы 

жарақаттауы мүмкін.

Құрылғының ішіне темір бөлшектер 

түссе немесе су тиген болса, 

құрылғыны өшіріп, розеткадан дереу 

ажыратыңыз. Дилерге хабарласып 

техникалық тексеруден өткізіңіз. 

Кірленген құрылғыны пайдалану өрттің 

пайда болуына немесе электр тоғының 

соғуына апаруы мүмкін.

Пайдалану нұсқаулығында арнайы 

түрде нұсқаулар берілмесе, құрылғының 

бұрандалармен бекітілген қақпақтарын 

ешбір жағдайда ашпаңыз. Жоғары 

кернеулі құрамдас бөліктер электр 

тоғының соғуына апаруы мүмкін.

Құрылғыны жəне оның бөліктерін 

өзгертпеңіз. Өзгерістер жəне 

модификациялар өрттің пайда болуына 

немесе электр тоғының соғуына апаруы 

мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет