Пайдалы қазбаларды ашық Әдіспен игеру кезіндегі бұзылған жерлерді рекультивациялаудың



жүктеу 70.71 Kb.
Pdf просмотр
Дата12.03.2017
өлшемі70.71 Kb.
    Навигация по данной странице:
  • Резюме

ЖОК 622.882.064 

Ы. Жақыпбек  

 

ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ АШЫҚ ӘДІСПЕН ИГЕРУ КЕЗІНДЕГІ БҰЗЫЛҒАН 

 

ЖЕРЛЕРДІ РЕКУЛЬТИВАЦИЯЛАУДЫҢ

 ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ЖОЛДАРЫ 

 

Жер  қойнауы  –  тау-кен  өнеркәсібі  үшін  ерекше  қазына  болып  саналады.  Пайдалы 

қазбаларды  ашық  әдіспен  игерген  кезде  халық  шаруашылығынан  қомақты  жер  мөлшерін  алуға 

тура келеді. Бұл, ашық тау-кен жұмыстарын жүргізуге өнеркәсіптік алаңдар, карьерлер, үйінділер, 

технологиялық  жолдар  мен  қалдық  қоймалар  үшін,  едәуір  мөлшерде  жер  қажет  болады.  Осының 

салдарынан,  ауыл  және  орман  шаруашылығына  экономикалық  шығын  келеді.  Тағы  да 

геологиялық  орта  мен  жер  бетінің  едәуір  бұзылуы  және  табиғи  ландшафтың  тікелей  өзгеруі 

болады.  Минералды  шикізат  кенорындарын  игерудің  масштабы  жылдан-жылға  қарқынды  өсуі 

әсерінен, қоршаған орта шаң-тозаңдармен, газдар және зиянды химиялық заттектермен ластанып, 

экологиялық  тепе-теңдіктің  өзгеруімен  қатар,  тұрғындардың  денсаулығына  да  қауіп  төнетіндігі 

белгілі [1-3].  

Пайдалы қазба кенорындарын ашық әдіспен игеру кезіндегі күрделі мәселе, жердің бұзылуы 

мен  топырақтың  антропогендік  ластануы  және  игерілетін  аудандардағы  жер  беті  және  жерасты 

суының  ластануы  болады.  Бұдан  басқа,  гидрогеологиялық  режимнің  бұзылуы,  ауаның  шаң  және 

газбен  ластануы,  флора  мен  фаунаның  улы  заттектермен  улануы,  санитарлық-гигиеналық 

жағдайдың  төмендеуі  байқалады.  Осыған  байланысты  кенорынды  ашық  әдіспен  игеруде 

экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, бұзылған жерлерді дер кезінде рекультивациялау, 

ауаға,  топыраққа  ластаушы  заттектер  шығаруды  азайту  және  кенорынды  игеру  кезінде 

экологиялық  мониторинг  жүргізумен  қатар,  жерді  және  оның  қойнауын  пайдалану  туралы  заң 

талаптарының орындалуын қадағалау, өзекті мәселеге айналып отыр [4].  

  Тау-кен  жұмыстары  барысында  тозған  жерлерді  рекультивациялау,  елімізде  түбегейлі 

шешімін  таппаған  мәселе.  Өйткені,  кейбір  кенорындарын  игеру  жобаларында  тозған  жерді 

қалпына  келтіру,  кенорынды  игеріп  біткеннен  кейін  жүргізіледі  деп  жазылған.  Сол  себепті, 

кенорындарын  игеру  мерзімі  ұзақ  болуына  және  тозған  жерлерді  қайта  қалпына  келтіру 

жұмыстарын  жүргізубеуге  байланысты,  олармен  қоса  қалдық  үйінділері  жылдар  бойы  табиғи 

ортаны  ластаудың  тұрақты  көзі  болып  отыр.  Бұзылған  жерлер  атмосфераға,  гидросфераға  және 

литосфераға,  осы  аудан  тұрғындарына  зиян  тигізуде.  Республикада  қалпына  келтірілген  жердің 

көлемі  өте  аз,  ал  қалдық  төгілген  жерлер  жыл  сайын  ұлғайып  келеді.  Пайдалы  қазбаны  игеру 

жұмыстары  аяқталғаннан  кейін  көптеген  жер  қойнауын  пайдаланушыларда  бұзылған  жерлерді 

рекультивациялауға 

қаржы 

жетпей 


қалады. 

Осыған 


байланысты 

бұзылған 

жерлерді 

рекультивациялау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін құруды талап етеді. 

Тау-кен  өндірісінің  дамуы  қоршаған  ортаның  зиянды  заттектермен  ластану  үрдісін  де 

күшейтеді.  Оның  дәлелі,  Қазақстан  Республикасы  қоршаған  ортаны  қорғау  министрлігінде  жердің 

бұзылуы  мен  топырақтың  антропогендік  ластануы  бойынша  тіркелген  мәліметтері  төмендегіні 

көрсетеді [5]: 

 

Республикамыздың өндірістік аймақтарда ауданы 60 мың.га тең топырақты үнемі ластайтын 



экологиялық  жағынан  қауіпті  әсер  ететін  факторлар  бар:  террикондар,  үйінділер,  карьерлер, 

бұрғылау  ұңғымалары,  тау-кен  өндірісінің  қалдықтары.  тау-кен  өндірісінің  жұмыс  істеуі 

нәтижесінде  үйінділерде  4  млрд.т,  1,1  млрд.т  кенді  байыту  және  пайдалы  қазбаларды  өндіру 

қалдықтары,  металлургиялық  кәсіпорындардың  жұмыс  істеуі  нәтижесінде  105  млн.т  қалдықтар 

пайда болды.  

 

Республикада  өнеркәсіптік  нысандарды  желілік  құрылыстарды  салуда,  пайдалы  қазбалар 



кенорындарын  игеруде,  геологиялық  барлау  жұмыстарын  жүргізу  кезінде  171,0  мың.га  бұзылған 

жер  есепке  алынған.  Олардың  49,9  мың.га  істен  шығарылған,  оларды  қайта  қалпына  келтіруге 

болады. Тозған жердің ең көп аудандары – Қарағанды (41,4 мың.га тозған және 10,1 мың.га істен 

шығарылған), Қостанай (сәйкесінше 30,8 мың және 8,4 мың.га), Маңғыстау (21,1 мың.га және 3,6 

мың.га),  Ақмола  (17,5  мың.га  және  7,1  мың.га),  Шығыс  Қазақстан  (13,1  мың.га  және  6,3  мың.га) 

және Павлодар (12,1 мың.га және 1,2 мың.га) облыстарында тіркелген.  

 

Республика  бойынша  бұзылған  жердің  1,6  мың.  га  қайта  қалпына  келтірілген,  олардың  0,6 



мың.  га  ауылшаруашылық,  1,0  мың.  га  басқа  алқаптарға  айналдырылды.  Қалпына  келтірілген 

жерлердің ең көп аудандары Қарағанды (0,9 мың. га), Қостанай (0,4 мың. га), Батыс Қазақстан (0,3 

мың.га) облыстарында тіркелді. 


 

Республика  аумағындағы  өнімділігі  төмен  алқаптарда  жайылуға  арналған  топырақтың 

құнарлы  қабатының  21,8  млн.  м

3

  үйінділерде  сақталынуда.  Оның  негізгі  көлемі  (88,0  %-дан 



астамы)  4  облыста  жинақталған:  Қостанай  (10,1  млн.м

3

),  Қарағанды  (3,4  млн.м



3

),  Ақтөбе  (3,2 

млн.м

3

) және Шығыс Қазақстан (2,5 млн.м



3

). Тек қана 2006 жылы 993 мың.м

3

 – құнарлы топырақ 



жинақталған, олардың 94,6%-ы Қостанай облысында. Өнімділігі төмен алқаптарды жақсарту үшін 

438 мың.м

3

 жер бетінен алынған құнарлы топырақ пайдаланылған, ол Қостанай (175 млн.м



3

) және 


Павлодар  (157  млн.м

3

)  облыстарында.  Соның  нәтижесінде  112  га  өнімділігі  төмен  алқаптар 



жақсартылған, олардың 62 га– Ақтөбе, 39-га – Павлодар, 11 га – Қостанай облыстарында.  

 

Республикада 



бұзылатын 

жерлерден 

алынған 

құнарлы 


топырақ 

өте 


тиімсіз 

пайдаланылатынын  айтқан  жөн:  оның  жыл  сайынғы  пайдаланылуы,  жинақталған  көлемінің  2%-

нан  аспайды.    Осыған  орай  жарамсыз  жерлерді  қайта  қалпына  келтіру  проблемасына  тау-кен 

өнеркәсібінде көңіл бөлінбейтіне назар аударуға тура келеді.   

Жоғарыда келтірілген мәселерге байланысты жерді тиімді пайдаланумен қатар, топырақтың 

құнарлылығын  сақтау  және  бұзылған  жерді  дер  кезінде  қайта  қалпына  келтіру,  өзекті  мәселенің 

бірі екендігін көрсетеді. 

Қазіргі  кезде  бұзылған  жерлерді  рекультивациялау,  техникалық  және  биологиялық 

кезеңдерден  тұрады. Техникалық  рекультивациялау  кезеңі  бұзылған  жерді  алдағы  уақытта  халық 

шаруашылығында  өз  мақсатында  пайдалануға  әзірлеуді  көздейді.  Оған  жерді  тегістеу,  үйінді 

беткейін  еңістету,  топырақтың  құнарлы  қабатын  жинап  алып,  рекультивацияланатын  жерге 

тасымалдап төгу, жол гидротехникалық және мелиорация құрылыстарын салу жұмыстары жатады. 

Ал  биологиялық  рекультивациялау  кезеңі  техникалық  рекультивациялаудан  кейін  жүзеге 

асырылатын  және  топырақтың  құнарлылығын  қалпына  келтіру  шараларын  қамтиды.  Оған  флора 

мен  фаунаны  қалпына  келтіруге  бағытталған  агротехникалық  және  фитомелирациялық  шаралар 

жатады. 


Пайдалы  қазбаларды  ашық  әдіспен  игеру  кезіндегі  рекультивация  құрамы  келесі 

жұмыстарды қамтиды [6-7]: 

 

 жер қыртысының құнарлы топырағын қазып алу, тасымалдау және оны қоймаға үю; 



 

 ашық кеніштен шығарылатын бос таужыныстарын сұрыптап үйінділеу;  



 

 үйінділер мен карьер кемерлері беткейлерін кесіп еңістету жұмыстары; 



 

 рекультивацияланатын жердің бетін тегістеу; 



 

 рекультивацияланатын  жерлердің  беткі  қабатын  құрайтын  таужыныстарының  химиялық 



және физикалық қасиеттерін жақсартуға арналған мелиоративтік кешенді шаралар; 

 



 көлік жолдарын, гидротехникалық және мелиоративтік құрылыстарды салу.  

Бұзылған  жерді  рекультивациялаудың  ең  тиімді  бағытын  таңдау,  жергілікті  жердің 

табиғаты,  ауа  райы,  жер  бедері  және  топырақ  жамылғысының  ерекшеліктеріне  негізделе 

жүргізіледі  де,  осындай  жақсы  нәтижеге  қол  жеткізу  төмендегі  бағыттар  ішінен  қолайлысын 

таңдау мен шешіледі: 

 



ауылшаруашылық  –  бұзылған  жерлерде  ауыл  шаруашылығында  пайдаланылатын 

алқаптарды дайындау;  

 

орман шаруашылық – арнайы және өндірістік мақсаттарда ағаш отырғызу;  



 

балық  шаруашылық  –  қазылған  кеңістіктерде  балық  өсіруге  жарамды  су  қоймаларын 



жасау; 

 



рекреациялық – бұзылған жерлерде түрлі демалыс орындарын салу;  

 



табиғат қорғау және санитарлық – эстетикалық бұзылған жерлер, үйінділер және қалдық 

қоймалар беттерін биологиялық немесе техникалық қорғау; 

 

құрылыс – бұзылған жерлерді өндірістік және тұрғын үй тұрмыстық құрылыстарды салу 



бағытында дайындау. 

Жоғарыда  аталған  бағыттардың  тиімдісін  таңдау  бұзылған  жерді  одан  әрі  пайдалану, 

бірнеше  факторлардың  әсері  негізінде  анықталады,  солардың  ішінен  жердің  құндылығын,  жерді 

пайдаланушының мүддесін, ауданның даму болашағын ескеру қажет, ең маңыздысы, өсімдік өсуге 

жарамдылық  деңгейін  көрсететін,  құнарлы  топырақтың  сапасы  және  пайдаланылуы  болып 

саналады. Бұзылған жерді рекультивациялауда келесі факторларды ескерген жөн [8]: 

 

 қоршаған ортаға бұзылған жердің  әсер  етуінің негізгі түрлері және рекультивациялаудың 



техникалық жағынан мүмкін бағыттары; 

 



 рекультивациялауда  ландшафттарды  пайдалануда,  табиғи  жағдай  көрсеткіштерінің 

тұрақтылығы; 



 

 шаруашылық түрінің әсерінен аумақты пайдалану сипаттамасы және шығын мөлшері; 



 

 әлеуметтік және табиғатты қорғау талаптарын ескере отырып, ауданды кеңейту; 



 

 рекультивациялау  бағытында  санитарлық-гигиеналық,  рекреациялық  және  эстетикалық 



тиімділікті бағалау. 

Осы аталған бағыттар мен факторларға сәйкес, пайдалы қазба кенорындарын ашық әдіспен 

игерудегі  жарамсыз  жерлерді  қайта  қалпына  келтіру  барысында  нақты  нәтижеге  қол  жеткізу 

мақсатында,  рекультивациялау  жұмыстарын  жүргізуді  басқару  мен  қадағалау  өзекті  мәселеге 

жатады.   

Басқару  –  анықталған жалпы  мақсатқа  жету  үшін  басымырақ жүйешенің  «карьер-қоршаған 

орта»  жүйесінің  басқа  элементтерімен  өзара  әрекеттесу  процесі  болып  саналады.  Ашық  тау-кен 

жұмыстарындағы  бұзылған  жерлерді  рекультивациялау«карьер-қоршаған  орта»  жүйесінде  бір-

бірімен өзара тығыз байланысқан және бір мақсатта ұйымдастырылған элементтер жиынтығынан 

құралған  басымырақ  жүйе  болады.  Ашық  тау-кен  жұмыстарында  техникалық  рекультивацияны 

басқару  кәсіпорында  бұзылған  жерлерді  қайта  қалпына  келтіруге  бағытталған  жұмыстарды 

орындау  кезеңінде  материалдық  ресурстарды  жұмылдырудың,  жоспарлаудың,  басшылық  етудің 

және  үйлестірудің  методологиясы  болып  саналады.  Осында  жұмыстардың  орындалу  көлеміне, 

мерзіміне  және  сапасына  қол  жеткізу,  тиімді  заманауи  әдістері  жүйесін,  техника  мен 

технологияларды қолдану арқылы іске асырылады [9-11]. 

 Жоғарыда  айтылған  пайдалы  қазбаларды  ашық  әдіспен  игеру  кезінде  бұзылған  жерлерді 

рекультивациялауды жүргізуді жақсарту мақсатымен тиімді басқарудың жолдары көрсетілген (1-сурет).  

 

 



 

 


 

 

 



 

Рекультивация  жұмыстарын  орындаған  кезде  әрбір  жұмыстың  мазмұнын,  орындалу 

мерзімін,  қажетті  адам  ресурстарын,  орындалған  жұмыстың  сапасын,  жұмыс  барысының 

ақпаратпен 

қамтамасыз 

етілуін, 

жұмыстарды 

мерзімінде 

қаржыландыруды, 

және 


механикаландыруды,  сонымен  қатар  бұзылған    жерлерді  қайта  қалпына  келтірудегі  тәуекелді 

басқару  нәтижесінде  рекультивациялаудың  тиімділігін  жоғарылатуға  қол  жеткізу  орындалуын 

қадағалау.  Ал  орындалу  мерзімін  басқаруға  келетін  болсақ,  жоғарыда  аталған  жұмыстардың 

арасында  бір-біріне  тәуелділігі  барлығын,  яғни    біреуі  аяқталмай,  екіншісін  бастау  мүмкін  емес. 

Осыған  байланысты  жұмыстың  әр  сатысында  оның  көлемі  мен  орындалу  мерзімінің  күнтізбесін 

 

1



у

р

ет

Р

ек



у

л

ьт



и

ва

ц



и

ян

ы



ң

  

қ



ұ

р

ам



ы

 ж

ән



е 

б

ас



қ

ар

у



 ж

о

л



д

ар

ы



 

 


жасап,  жоспарланған  уақыт  ішінде  аяқталуын  бақылау.  Рекультивациялаудың  әрбір  жұмыстарын 

орындағанда  қажетті  адам  ресурстарын  анықтау,  қаржыландыруды,  механикаландыруды  және 

оларды ақпаратпен қамтамасыз етуді басқаруға тура келеді. Басқаша айтқанда, жарамсыз жерлерді 

қайта  қалпына  келтіру  барысында  жаңа  техникаларды  пайдаланумен  қатар,  білікті  мамандарды 

күнделікті  ақпаратпен  қамтамасыз  ете  отырып,  жобаны  қажетті  қаржымен  қамтамасыз  ету. 

Рекультивацияның  сапасын  басқаруға –  орындалған  жұмыстардың жергілікті  жердің  табиғатына, 

ландшафтысына, қоршаған ортасы мен таңдалған бағытына сай жүргізілуін қамтамасыз ету болып 

табылады.  Тәуекелді  басқару  өзіне  ашық  тау-кен  жұмыстары  мен  бұзылған  жерлерді 

рекультивациялау кезінде пайда болатын қолайсыз әсерлердің ықтималдығын азайтуды енгізеді. 

Сонымен,  пайдалы  қазбаларды  ашық  әдіспен  игеру  кезіндегі  тозған  жерлерді  дер  кезінде 

қайта  қалпына  келтіру  үшін,  әрбір  кәсіпорында  рекультивация жұмыстарының  құрамын  анықтау 

және  оларды  орындау  барысында  материалдық  ресурстарды  жұмылдырудың,  жоспарлаудың, 

үйлестіру мен басшылық етудің методологиясын қолдану арқасында рекультивациялау тиімділігін 

жоғарылатуға мүмкіндік туады. 

ӘДЕБИЕТТЕР  

1.  Томаков  П.И.,  Коваленко  В.С.    Рациональное  землепользование  при  открытых  горных  работах.                

– М.: Недра, 1984.-213 с. 

2.  Горлов В.Д.  Рекультивация земель на карьерах. – М.: Недра 1981.-260 с. 

3. Михайлов А.М. Охрана окружающей среды при разработке месторождений  открытым способом. – 

М.: Недра, 1981.-184с. 

4. Калыбеков Т.,  Сулейменова Д.  Влияние предприятий черной и цветной металлургии Казахстана на 

окружающую  среду. Материалы шестой международной конференции «Ресурсопроизводящие, малоотходные 

и природоохранные технологии освоения недр» . – М.: ИПКОН, 2007.  С. 442-445. 

5. О состоянии земель Республики Казахстан/ Земельные ресурсы Казахстана. Алматы. 2007. №1. –С.11-

23. 

6. Қалыбеков Т.  Экология және ашық кен. Алматы. 1988.-96 б. 



7.  Ашық  тау-кен  жұмыстарының  процестері/  Т.  Қалыбеков.,  А.  Бегалинов.,  М.Н.  Сандибеков.  – 

Алматы. ҚазҰТУ, 1997.-164 б. 

8. Калыбеков Т., Сандибеков М.Н. Обоснование режима снятия плодородного слоя почвы на карьерах. 

//Материалы    международной  научно-практической  конференции.  «Проблемы  инновационного  развития 

нефтегазовой индустрии». – Алматы. 2008.  С.52-55. 

9.    Қабылбеков  М.Ғ.  Тау-кен  кәсіпорындарында  өндірісті  ұйымдастыру,  жоспарлау  және  басқару. 

Алматы. ҚазҰТУ, 2010.-278 б. 

10.  Цеховой  А.Ф.,  Винницкая  М.А.,  Климова  Т.  Г.  и  др.  Управление  проектами:  основы  теории  и 

практики.  Алматы. КазНТУ, 2010.-200 с.   

11. Управление проектами/ И.И. Мазур., В.Д. Шапиро., Н.Г.Ольдерогге№  – М.: Омега-Л, 2004-664 с.  

 

Резюме

 

В  статье  рассматривается  проблема  рекультивации  нарушенных  земель  при  открытой  разработке 

месторождений  полезных  ископаемых.  Приведены  снятия  плодородного  слоя  почвы  размеры  нарушенных 

земель  и  их  рекультивация  в  Республике.  Даны  направления  рекультивации  нарушенных  земель. 

Разработана  схема  последовательности  выполнения  рекультивационных  работ  и  пути  их  рационального 

управления.  

 

Summary 

The problem of land reclamation in open development of mineral deposits. Shows removal of topsoil size of 

disturbed lands and their reclamation of the Republic. Given the direction of revegetation. The scheme run sequence 

of remediation works and ways of their rational management. 



 

КазНТУ им. К.И. Сатпаева                                                                              Поступила 10.06.12 г. 

 

Каталог: files -> newspapers
newspapers -> Б. Е. Карбозова, И. Д. Ақылбекова
newspapers -> ● Физика–математика ғылымдары
newspapers -> Орта көміртекті ферромарганецті балқыту технологиясын жетілдіру
newspapers -> Алматы қаласындағы ауаның экологиялық жағдайы
newspapers -> Литература [1] Орир Дж. Физика / Пер с англ. М: Мир, 1981. С288. [2]
newspapers -> Физико-математические науки №4 2015 Вестник Казнту
newspapers -> Практикум по статистике: Учеб пособие для вузов/ Под ред. В. М. Симчеры. М.: Финстатинформ, 1999
newspapers -> Распознавание и обработка текста для перевода на иностранный язык
newspapers -> ● Қоғамдық ғылымдар ҚазҰту хабаршысы №4 2015 625


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет