113
Ибраһим пайғамбардың қиссасынан алынар өнеге-
ғибраттар
1. Аллаһ тағаланың
«Ибраһимнің әкесі үшін кешірім тілеуі
оған берген бір уәде бойынша ғана еді. Өзіне оның Аллаһтың
дұшпаны екені білінген кезде, одан бойын аулақ салды»
деген
сөзінен алынар өнеге: мүмін кісінің кәпір үшін кешірім тілеуі
дұрыс емес екендігі. Шариғатта егер кәпір біреу дүние салса,
Аллаһтан оған кешірім сұрауға тыйым салынған.
2. Ибраһимнің Бабыл мен Харран халқына жасаған
дағуатынан алар өнегеміз: дағуатты халықтың санасына қарап,
қиындатпай, олар түсінетін қарапайым тілде айту керек.
3. Ибраһимнің дағуатын өз әкесінен бастауындағы өнеге: әр
дағуатшы дағуатын өз отбасынан және жақындарынан бастауы
тиіс.
4. Мұсылман адам мүмкіндігі болса, Аллаһқа серік қосуға
себепші болып жатқан нәрсенің көзін жоюға тырысу керек.
5. Құрандағы
«Ей, от! Ибраһимге салқын, зиянсыз бол», –
дедік»
деген аяттан алар өнегеміз: от тек Аллаһтың әмірімен ғана
күйдіреді. Аллаһтың жаратқан мақлұқтарында ешқандай өзіндік
құдірет жоқ, олардың іс-әрекеті мен ерік-жігерлері Аллаһтың
қолында. Сол сияқты құрбандық оқиғасында пышақтың өтпеуі де
– Аллаһтың әмірімен болған іс.
6. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) кесірткені өлтіруге бұйырып:
Достарыңызбен бөлісу: