Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет177/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   266
«жемістерін кеміту»
3
еді. 
Жемістер өнім бермей, қуарып, құрма, жүзімдер бір түйір де 
салмай қойды. Бұл жолы да перғауын Мұсаны шақырып, егер бұл 
пәледен құтылуға араша түсіп, Аллаһқа дұға қылса, Исраил 
ұрпақтарына соқтықпайтынын айтып уәде берді. Мұса тағы да 
Аллаһқа дұға қылған соң, жемістер өнім бере бастады. Бірақ 
перғауын уәдесінен тағы да айнып кетеді. Перғауындықтардың 
ондай жанкештілігін Құран: 
«Қашан оларға бір жақсылық 
1
«Ағраф» сүресі, 129-аят. 
2
«Ағраф» сүресі, 130-аят. 
3
«Ағраф» сүресі, 130-аят. 


198
 
 
келсе: «Бұл бізге тиесілі», – деп, ал бір жамандық жетсе, Мұса 
және онымен бірге болған кісілерді ырымдайды. Олардың 
сәтсіздіктері Аллаһ тарабынан емес пе?»
1
– деп сипаттайды. 
Осыдан кейін барып Аллаһтың мұғжизалары бой көрсете 
бастады. 
«Оларға ашық мұғжизалар түрінде; топан су, 
шегіртке, бит, бақа және қан жібердік»
2

Перғауын тәубеге келу үшін Аллаһ тағала тоғыз түрлі мұғжиза 
жіберген-ді:
– Асатаяқтың жыланға айналуы
– Қолдың қойыннан шыққанда аппақ болып жарқырауы; 
– Құрғақшылық жылдар; 
– Жеміс ағаштарының өнім бермеуі; 
Бұл мұғжизаларға, жоғарыдағы «Ағраф» сүресінің 133-
аятында айтылған бес зұлматты – топан су, шегіртке, бит, бақа 
және қанды қосқанда барлығы тоғыз болады. 
Бірінен соң бірі келген осы соңғы бес мұғжизаның алғашқысы 
– топан су. Ніл өзені арнасынан тасып, мысырлықтардың үйін су 
алып, сел басады. Ең кереметі селден келген ағын су 
исраилдіктердің үйіне, ауласына кірмейді. Мысырлықтар бұл 
құбылысқа қатты таңырқайды. 
Екіншісі: шегіртке. Мысырлықтардың егіс алқаптарын 
шегіртке басып, құртып жібереді. Әйтсе де исраилдіктерге 
шегірткелер ешбір зиянын тигізбейді. 
Үшіншісі: бит. Мысырлықтарды бит басып, жаппай 
қолайсыздыққа ұшырады. Тіпті бастарында, төсек орындарында 
бит өріп жүретін халге жетті. Бірақ мұндай зұлматтан 
исраилдіктер дін аман болды. 
Төртіншісі: құрбақа. Мысырлықтардың үйін, ауласын, тіпті 
ыдыс-аяқтарына дейін құрбақа басып кетті. Ал Исраил 
ұрпақтарын тағы да Аллаһ тағала бұл пәледен аман сақтады. 
1
«Ағраф» сүресі, 131-аят. 
2
«Ағраф» сүресі, 133-аят. 


199


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет