Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


орындауды, зекет беруді уахи еттік. Олар бізге құлшылық



Pdf көрінісі
бет104/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   266
Байланысты:
ПАЙҒАМБАРЛАР ҚИССАСЫ(1)

орындауды, зекет беруді уахи еттік. Олар бізге құлшылық 
жасаушылар болған еді»
1
, – деген. 
Исхақ жүз жетпіс бес жас шамасында қайтыс болып, «әл-
Халилде» 
жерленді. 
Аллаһтың 
алдындағы 
ең 
ұлы 
пайғамбарлардың бірі Ибраһим мен оның ұлдары Исмаил және 
Исхақтың қиссаларының қысқаша мән-жайы осындай. 
1
«Әнбия» сүресі, 72-73 аяттар. 


118
 
 
ЛУТ (АЛӘЙҺИС-СӘЛӘМ) 
Лут қауымының оқиғасы Ибраһимнің көзі тірісінде орын 
алған. Ибраһим оның көкесі еді. Лут ибн Һаран ибн Тарих. Ал 
Тарих – Ибраһимнің әкесі. Аллаһ тағала Лут жайлы Құранда он 
төрт сүреде, жиырма төрт орында баяндаған. 
Луттың әкесі бала кезінде қайтыс болған. Сөйтіп, ол 
Ибраһиммен бірге атасы Тарихтың үйінде тәрбиеленді. Ол 
Ибраһимді қатты жақсы көретін. Аллаһтың мұғжизасы іске асып, 
Ибраһим өрттен аман шыққан уақытта адамдар сол көріністі көре 
тұра, оған иман келтірмеді. Тек Лут қана оған ілесті. Аллаһ 
тағала: 
«Сонда Лут оған иман келтірді»
1
, – деген. 
Сондай-ақ ол Ибраһиммен бірге қоныс аударып: 
«Мен 
Раббым үшін қоныс аударамын. Ақиқатында, Ол – аса 
Үстем, өте Дана», – деді»
2

Луттың садум еліне жасаған дағуаты 
Ибраһим Мысырдан Палестинаға келгенде, Лутқа әл-
Мутафикаға (Садумға) баруды бұйырды. Садум сауда орталығы 
және алып бір керуен сарайы еді. Ол жерде жеті қала болған деп 
айтылады. Ондағы елдің барлығы – кәпір, әрі олардың ішінде 
ешбір мүмін жоқ еді. Аллаһ тағала садум қауымын жоюға 
жіберілген елшілердің сөзімен: 
«Ол жерден мүміндерді 
шығардық. Дегенмен ол жерде мұсылмандардан бір үйден 
басқа таппадық»
3
, – деген. 
Тек Луттың үйі мұсылман, ал қалғандарының барлығы кәпір 
еді. Олар шектен шыққан пасық және бұзық ел болатын. 
Бұзақылықта өнерпаздық жасап, өздерінен бұрын әлемде ешкім 
1
«Анкабут» сүресі, 26-аят. 
2
«Анкабут» сүресі, 26-аят. 
3
«Зәрият» сүресі, 35-36 аяттар. 


119


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет