істемеген бір жиіркенішті істі ойлап тапты. Аллаһ тағала Құранда
оны:
«Лут сол уақытта еліне: «Сендерден бұрын әлемдерден ешкім істемеген бір арсыздық істейсіңдер ме? Сендер әйелдерді қойып, еркектерге шақуат қоясыңдар ма? Әрине, сендер – азғын елсіңдер», – деді» 1 , – деп баян еткен.
Аллаһ тағала Садум елін жоюға жіберген періштелер:
«Расында, біз бір қылмысты елге жіберілдік. Тек Лутты және (оған ілескендерді)
ғана түгел құтқарамыз» 2 , – деген.
Ол елге Лут пайғамбар:
«Дүниеде (әйелдер бола тұрып)
, еркектерге шабасыңдар ма? Раббыларың сендер үшін жаратқан әйелдеріңді тастайсыңдар ма? Сендер – шектен шыққан елсіңдер» 3 , – деді.
Яғни олардың ерлері әйелдермен жыныстық қатынас жасаудан
гөрі еркектерді қош көретін. Аллаһ тағала бұл жиіркенішті істі
көп аяттарында қаралаған:
«Лут сол уақытта еліне: «Сендер көре тұра арсыздық істейсіңдер ме? Сендер әйелдерді қойып, еркектерге шақуат қоясыңдар ма? Әрине, сендер – надан елсіңдер», – деді» 4 .
Яғни олар мұны ашық істейтін және бір-бірінің осындай іспен
айналысып жатқанын өздері де көретін-ді. Оларды азғындықтары
осындай халге әкелген болатын. Құранда ешбір қауым бұлардай
кері сипатталмаған. Кәпірлер, қылмыскерлер, шектен шыққандар,
бұзықтар, қарсы келгендер және надандар – барлығы оларда
болды.
«Лут сол уақытта еліне: «Рас, өздеріңнен бұрын әлемде ешкім істемеген арсыздықты істедіңдер. Сонда сендер 1
«Ағраф» сүресі, 80-81 аяттар.
2
«Хижр» сүресі, 58-59 аяттар.
3
«Шұғара» сүресі, 165-166 аяттар.
4
«Нәмл» сүресі, 54-55 аяттар.