Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет119/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   266
 
 
ЯҒҚУБ ПЕН ЮСУФ
(АЛӘЙҺИМӘС-СӘЛӘМ) 
Бұл қисса – толық бір сүре арналған ұлы Құран қиссаларының 
бірі. Ол «Юсуф» сүресінде айтылған. Онда екі ұлы пайғамбардың 
өмірбаяны баяндалған. Олар – Яғқуб ибн Исхақ ибн Ибраһим 
және Яғқубтың ұлы Юсуф (оларға Аллаһтың сәлемі болсын). 
Сондай-ақ бұл қиссада Юсуф пен оның бауырларының арасында 
болған уақиғалар, оның басынан өткен қиыншылықтар және 
Яғқубтың да өмір жолы баяндалады. 
«Юсуф» сүресі туралы 
Бұл сүре Меккеде түскен және ол Юсуфтың басынан өткен 
уақиғалар туралы әңгімелейді. Ал меккелік сүрелер әдетте 
ескерту, ғибрат беру және үрейлендіру мазмұнында келеді. 
Алайда «Юсуф» сүресі оқырманды өзіне баурайтын өте қызық 
әңгімелерді қамтыған. Оны тыңдаған кісі жалықпайды әрі 
пайдалы насихат алып шығады. Өйткені одан бауырмалдық, 
мейірімділік және рақымшылық әсерлерін табамыз. Біз онда 
басқа пайғамбарлар қиссасында кездеспейтін ерекше мазмұн 
құрылымына тап боламыз. Аллаһ тағала алдыңғы қиссаларда 
пайғамбарлардың өмір жолын, оны қауымы қалай жалғанға 
шығарғанын, сосын оларға апат жіберіп, жер бетінен жойып 
жібергенін әңгімелеген болса, «Юсуф» сүресінде мәселе 
керісінше сарында өрбиді. Біз бұл қиссада қиыншылықтар, бір-
бірінің артынан келген сынаулардан соң берілген қуанышқа куә 
боламыз. Табиғиндер қатарына жататын ғұлама Ата ибн Әбу 
Рабах (Аллаһ оған рақым етсін): «Юсуф» сүресін тыңдаған 
мұңлы кісінің көңілі жазылады», – деген. 
Ол көңілге көтеріңкі леп беріп, қайғы-мұңды сейілтеді. 
Өйткені оны оқыған адам қиыншылықтан кейінгі бақытты 
өмірдің куәсі болады. Бұл сүре «Һуд» сүресінен кейін түсірілген. 


136
 
 
«Һуд» сүресінде пайғамбарларға сенбеген халықтардың және 
Салих пен Һуд елдерінің қалай Аллаһтың қаһарына ұшырағаны 
туралы баян етілген-ді. Сонан соң «Юсуф» сүресі түсті. Ол 
«қайғы жылында» түскен болатын. Сол жылы Пайғамбарымызды 
(с.а.с.) бағып өсірген, тәрбиелеген, Аллаһ елшісін (с.а.с.) өте 
жақсы көретін оның көкесі Әбу Талиб дүние салған. Ол 
Пайғамбарымызды (с.а.с.) өз қамқорлығына алып, оған көп көмек 
көрсеткен кісі еді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.): 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет