Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


«Олар: «Ей, Шуғайб! Сенің айтқаныңның көбіне



Pdf көрінісі
бет117/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   266
«Олар: «Ей, Шуғайб! Сенің айтқаныңның көбіне 
түсінбейміз әрі сені арамызда төмен санаймыз. Егер 
ағайындарың болмағанда, әлбетте, таспен атып өлтірер едік. 
Сондай-ақ сен бізге қадірлі емессің», – деді. 
(Шуғайб)
:
«Ей, халқым! Сендерге Аллаһтан ағайыным қадірлі ме? 
Аллаһты мүлдем ту сырттарыңа тастадыңдар. Расында, 
Раббым – не істегендеріңді толық Білуші. Ей, халқым! 
Қолдарыңнан келгенін істеңдер, мен де әрекет етемін. 
Жақында қорлаушы азаптың кімге келетінін және кімнің 
өтірікші екенін білесіңдер. Енді күтіңдер! Әрине, мен де – 
сендермен бірге күтушімін», – деді»
1

Ол Аллаһқа өзі мен олардың арасын алшақтатуды сұрап: 
«Раббымыз! Біз бен еліміздің арасын ақиқатпен ажырат. Сен 
– ажыратушылардың ең Жақсысысың», – деді»
2

Сонда оларға Аллаһтың азабы келді. Ол алуан түрлі 
азаптардан тұрды. Бұдан Шуғайб және онымен бірге иман 
келтіргендер ғана құтылды. Біз өткен қиссалардың бәрінде Аллаһ 
тағала құдіретінің куәсі болып келеміз. Ол қауымдарды әртүрлі 
азаптарға ұшыратты. Солардың қатарында Шуғайбтың еліндегі 
ауаны алмастырмай қойды. Бірнеше күн бойы ауа алмаспай, күн 
қызып, олар өлермен халге жетті. Сонда Аллаһ тағала қала 
сыртына бір бұлт жіберді. Адамдар сыртқа шығып, бұлттың 
саясына барып отырды. Сол сәтте жер сілкініп, барлығы 
жапатармағай жер жастанды. Сосын Жәбірейіл келіп, бір ащы 
дауыспен оларды түгел өлтірді. Аллаһ тағала:
1
«Һуд» сүресі, 91-93 аяттар. 
2
«Ағраф» сүресі, 89-аят. 


133
 
 
«Сонда олар 
(Шуғайбты)
жалғанға шығарды да, оларды 
түнек күннің апаты қолға алды. Рас, ол ұлы бір күннің апаты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет