Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


керек. Айтқандарыңа Аллаһтан жәрдем тіленеді», – деді»



Pdf көрінісі
бет124/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   266
керек. Айтқандарыңа Аллаһтан жәрдем тіленеді», – деді»

Юсуф уәзірдің үйінде 
«Бір керуен келіп, сушыларын 
(құдыққа)
жіберді. Ол 
қауғасын салып: «Ой, сүйінші! Мынау бір ер бала», – деді»

Сол уақытта құлдар өте құнды тауар саналатын. 
«Олар оны 
сауда малы ретінде жасырып қойды»

Яғни оны сатпақшы болды. Сөйтіп, олар бір адасып қалған 
бала немесе қашып кеткен құл шығар, егер иелері біліп қойса, 
алып қояр деп жасырып қойды. Бірақ:
«Аллаһ олардың не істегендерін толық біледі»



141
 
 
Бұл Шамнан Мысырға бара жатқан керуен еді. Олар Юсуфты 
Мысырға әкеліп, істерінің жария боп қалуынан қорқып, оны 
арзан бағаға сатып жіберді. Ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы 
болсын): 
«Жиырма дирһамға»
, – деген. 
«Олар оны арзан бағаға бірнеше дирһамға сатып жіберді. 
Өйткені олар 
(Юсуфке)
құштар емес еді»
. Оны Мысыр 
қазынасының уәзірі сатып алды. 
«Мысырдағы оны сатып 
алған кісі әйеліне: «Оған құрметпен қара. Мүмкін бізге 
пайдасы тиер немесе бала қып алармыз», – деді»

Уәзір балалары жоқ егде тартқан кісі еді. Юсуф оның үйінде 
баласы сияқты тәрбиеленді. Есейген кезінде уәзірдің сарай ісімен 
шұғылданатын болды. 
«Осылайша, Юсуфты ол жерге орналастырып, оған 
түстердің жоруын үйреттік. Аллаһ Өз ісіне Үстем, бірақ 
адамдардың көбі білмейді»

Юсуф бұзықтық пен пұтқа табынушылықтан аулақ, ізгі жігіт 
болып өсті. Аллаһ тағала оған билік берді. Ол уәзірдің сарайына 
басшылық ете бастады. Сондай-ақ оған білім беріп, адамдардың 
ең білгіріне айналды. Аллаһ тағала: 
«Ержеткенде оған билік пен білім бердік. Игілік 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет