Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


ол анық шыншылдардан еді. Бұл оған астыртын қиянат



Pdf көрінісі
бет132/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   266
Байланысты:
ПАЙҒАМБАРЛАР ҚИССАСЫ(1)

ол анық шыншылдардан еді. Бұл оған астыртын қиянат 
қылмағанымды білуі үшін. Күдіксіз Аллаһ қиянатшылардың 
қастығын жөнге салмайды. Нәпсімді ақтамаймын. Расында, 
нәпсі 
жамандыққа 
бұйырады. 
Бірақ 
та 
Раббым 
рақымшылық қылса, ол басқа. Күдіксіз Раббым өте 
Кешірімшіл, ерекше Рақымды», – деді»

Сонда Юсуфтың кінәсіз, білімді әрі дана жігіт екенін біліп, 
патша: «Оны маған алып келіңдер. Оны өзім үшін арнаулы 
адам қылып алайын»
, – деді. 
Юсуфтың қазына уәзірлігіне тағайындалуы 
Юсуфпен әңгімелескен патша оның әйелдер сипаттағаннан 
да артық екеніне көз жеткізді.
«Патша Юсуфпен сөйлескен кезде: «Әрине, бүгін 
алдымызда елеулі орның мен сенімің бар», – деді. 
(Юсуф 
патшаға)
: «Мені жер қазыналарына басшы қыл. Өйткені мен 
оны сақтауды білемін», – деді»
. Юсуф мемлекет қазынасын 
орынды жұмсаудың жолын білетін. Аллаһ тағала:
«Міне, осылайша, Юсуфты ол жерге орналастырдық, 
қалаған жерінде отыра алады. Біз қалағанымызды 
мейірімімізге бөлейміз. Сондай-ақ игілік істеушілердің 
еңбегін зая қылмаймыз. Әрине, иман келтіріп, тақуа 
болғандардың ақыреттегі сыйлығы тағы жақсы»
, – деген. 
Сонымен, Юсуф мемлекет істеріне басшылық жасай бастады. 
Патша оған билікті түгелдей сеніп тапсырып қойды. Молшылық 
жылдардың түсімінен Юсуф мүмкіндігінше пайдаланып, дәнді 
дақылдар мен азық-түліктерден қор жинады. 


149
 
 
Юсуфтың бауырларымен кездесуі 
Оның билікте отырғанына жеті жыл толған кезде 
құрғақшылық басталды. Ашаршылық Мысыр елінен басқа 
барлық жерлерді қамтыды, Палестинаға да жетті. Яғқуб сол 
уақытта ұлдарымен қуаң далада өмір сүретін. Оларды да 
ашаршылық діңкелетті. Сөйтіп, Палестинадан Мысырға 
керуендер ағыла бастады. Олар Юсуфтан азық-түліктер сатып 
алатын. Бірақ ол әрбір адамға бір түйенің жүгінен артық 
бермейтін еді. Сондықтан азық-түлік сатып алмақ болғандар 
отбасы мүшелерімен келетін. Солардың қатарында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет