Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет148/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   266
Байланысты:
ПАЙҒАМБАРЛАР ҚИССАСЫ(1)

 
 
Аллаһ тағала бұл туралы Құранда: 
«Зуннунды есіңе ал. Сол 
уақытта ол ашуланып кетіп қалды да, Біздің ешбір тарлық 
қылмауымызды ойлады»
1
, – деген. 
Яғни Юнус рұқсатсыз шығып кеткені үшін Аллаһ тағала өзіне 
таршылық қылмайды, жазаламайды деп ойлады. 
Сөйтіп, ол теңізге келді. Сол уақытта Нәйнауада Аллаһтың 
азабының алғашқы белгілері көріне бастаған-ды. Олардың 
төбесіне үлкен қара бұлт төніп, шақпақ шыға бастады. Мұны 
көрген Нәйнауа халқы, Юнустың айтқанындай, өздеріне 
Аллаһтың азабы түсетінін білді. Үрейленген көсемдері бас 
қосып: «Расында, алдыңғы елдерге келгендей, бұл апат сендерге 
де келеді. Адамдарды жинайық», – деседі. Адамдар жиналғанда: 
«Юнус рас айтқан екен. Бұл – сол азап. Сендер одан тек Аллаһқа 
иман келтіріп, тәубе еткенде ғана құтыла аласыңдар», – деп кеңес 
айтады. Сөйтіп, олардың барлығы иман келтірді. Құрым киімдер 
киіп, жылап-жалбарынып, Аллаһ тағаладан кешірім тілей 
бастады. Төбелерге шығып жылаулары үшін аналар мен 
балалардың арасын ажыратып тастады. Сол арқылы өздеріне 
Аллаһтың мейірі түседі деп үміттенді. Олар үш күн бойы осылай 
жылап-жалбарынып, Аллаһтан кешірім тілеумен болды. Сол 
уақытта барып Аллаһ тағаланың оларға рақымшылығы түсіп, 
олардан азапты шеттетті. Аллаһ тағала: 
«Юнустың қауымынан басқа, 
(азаптың келгенін көріп)
 
иман келтірген әрі имандары пайда берген бірде-бір ел 
болмаған. 
Иман 
келтірген 
уақытта 
оларды 
дүние 
тіршілігіндегі қор азаптан айықтырдық та, бір мерзімге дейін 
пайдаландырдық»
2
, – деген. 
Ибн Кәсир осы аяттың түсіндірмесінде: «Алдыңғы 
пайғамбарлардың қиссасында түгелдей иман келтірген бір елді 
көрдің бе?» – деп айтқан. Әрбір елде кәпір немесе екіжүзді 
1
«Әнбия» сүресі, 87-аят. 
2
«Юнус» сүресі, 98-аят. 


168


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет