Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет151/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   266
 
 
тағала: «Ол – құлым Юнус. Әмірімді күтпегені үшін теңіздегі 
бір балықтың қарнына қамап қойдым», – деді. Періштелер: 
«Ол ізгі амалдары күні-түні Өзіңе көтерілетін игі пенде ме?» – 
деп сұрады. Аллаһ тағала: «Иә», – деп жауап берді. Сонда 
періштелер оған ара түсті де, Аллаһ тағала китке оны 
жағалауға шығарып тастауды бұйырды»
, – деген
1

Аллаһ тағала:
«Тілегін қабыл етіп, оны қайғыдан құтқардық. Міне, иман 
келтіргендерді осылай құтқарамыз»
2
, – дейді. 
Сағд ибн Әбу Уаққас (Аллаһ оған разы болсын): 
«Бір күні 
Пайғамбардың (с.а.с.): 
«Аллаһтың онымен дұға қылынса, 
жауап қататын, сұралса, нәсіп етілетін есімі – Юнус ибн 
Маттаның дұғасы»
, – деп айтып жатқанын естіп: «Уа, 
Аллаһтың елшісі! Тек Юнустың өзіне ғана ма, жоқ барлық 
мұсылмандарға да арналған ба?» – деп сұрағанымда: 
«Ол 
арнайы Юнуске және жалпы мүміндерге арналған. Сен Аллаһ 
тағаланың 
«Сонда ол қараңғылықтар ішінде: «Сенен басқа 
ешбір құдай жоқ. Сен пәксің. Шын мәнінде, мен 
қателесушілерден болдым», – деп жалбарынды. Тілегін 
қабыл етіп, оны қайғыдан құтқардық. Міне, иман 
келтіргендерді осылай құтқарамыз»
 деген сөзін оқымадың ба? 
Кімде-кім осы дұғамен Аллаһқа жалбарынса, 
(Аллаһ оны 
құтқарады)
»
, – деді»
, – деген
3

Юнустың жағалауға шығуы 
Юнус күні-түні Аллаһқа дұға етумен болды. Ол жайынның 
қарнында бірнеше күн жатты. Ақыр соңында Аллаһ тағала 
1
Хадисті Ибн Жәрир риуаят еткен. 
2
«Әнбия» сүресі, 88-аят. 
3
Хадисті әт-Тирмизи мен әт-Табари жеткізген. 


171


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет