214
зекет бергендерге және аяттарымызға сенгендерге жазамыз»,
– деді»
1
.
Аллаһ тағала кеңшілік көрсетіп, кешірім жасаған соң, тау
сілкінуін тоқтатып, тынышталды. Сол кезде тау төбесіне қою
бұлт қонды да, сол бұлттың арасынан Аллаһтың үні естіле
бастады. Мұсаның қасындағы жетпіс кісі осындай керемет
оқиғаның куәсі болды. Сонда әлгілер:
«Ей, Мұса! Аллаһты әшкере көрмейінше саған әсте
иланбаймыз»
2
, – деп тағы бір кесірлікке бастайды. Мұса іріктеп
алып келген ең таңдаулыларын Аллаһтан қорқуға қанша үгіттеп,
өзінің Аллаһты көргісі келгенде, таудың шашылып, топыраққа
айналғанын айтып берсе де, көндіре алмады. Исраилдіктердің бұл
кесірлігі жайлы Құранда:
«Сонда олар Раббыларының әміріне қарсы келді.
Сондықтан қарап тұрғандарында найзағай түсті»
3
, – деп,
Аллаһтың қаһарланып олардың үстеріне жасын түсіріп, бәрін
өлтіргені баян етіледі. Бұл жағдайдан кейін Мұса абыржып,
қатты түңіліп кетті. Ертіп келген жетпіс кісісі жайрап жатыр.
Еліне барғанда «Ең таңдаулы деген жетпісімізді Аллаһ өлтірсе,
бізден не үміт, не қайыр», деп олардың дау-дамай шығаратынын
жақсы білді. Сосын Мұса жалынып, жалбарып Аллаһқа дұға
қылады. Осылайша, қайта-қайта кешірім сұрап, дұға қылған оның
тілегі қабыл болып, тағы да бір мұғжиза бой көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: