Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет190/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   266
тым құштар екенін көресің. 
Олардың әрбіреуі мың жыл өмір сүруді арман етеді. Алайда 
өмір оны азаптан арашаламайды. Аллаһ – олардың 
істегендерін толық Көруші»
3
, – деп айтқан.
Яғни олар қандай жағдай болсын, мейлі қорлықта, мейлі 
адасуда күн кешсе де, өмір сүруді өте жақсы көреді. Сондықтан 
да Аллаһтың күнәларын жуу үшін шығарған үкімі ауыр 
тигендіктен, исраилдіктер мұнымен келісе алмады және көпшілігі 
орындамады. Сөйтіп, олар Қияметке дейін Аллаһтың қаһары мен 
азаптауында өмір сүретін болды.
1
«Бақара» сүресі, 54-аят. 
2
«Ағраф» сүресі, 153-аят. 
3
«Бақара» сүресі, 96-аят. 


212
 
 
Тәуратты ұстану туралы исраилдіктерден ант алу 
«Мұсаның ашуы басылғанда тақтайларды алды. Оның 
нұсқасындағы жазуда Раббыларынан қорқатындар үшін тура 
жол мен мейірім бар»
1
.
Сөйтіп, ол исраилдіктерді жинап:
«Мына тақтайшалар, онда Аллаһтың әмірлері, Тәурат бар. 
Құлақ салып, бойсұныңдар», – деді. Олар Мұсаға: «Мұны бізге 
оқып бер. Егер ұнаса – құлақ саламыз, ұнамаса – тыңдамаймыз», 
– деп жауап қайтарады. Мұса мұндай жауапқа ашуланып: «Оны 
ұстаныңдар!» – десе де, олар қасарысып: «Жоқ! Оның ішінде не 
жазылғанын білгенімізше, сондай-ақ ұнамаса, оны ұстанбаймыз», 
– дейді. Мұса оларды Тәураттағы үкімдерді ұстануға қанша 
үгіттегенмен, көнбеді. Аллаһ исраилдіктерді осы секілді 
надандықтары үшін жазғырып: 
«Сендерге Мұса анық дәлелдер 
әкелгеннен кейін де бұзауды тәңір жасап алдыңдар. Сендер – 
залымсыңдар»
2
, – дейді. 
Осы кезде ғажап мұғжиза бой көрсетті. Тау орнынан көтеріліп, 
әуелеп ұшып, исраилдіктердің төбелеріне келіп тұрды. Сол кезде 
барып олар Мұсаға Тәураттың әмірлерін ұстануға серт берді. 
Исраилдіктердің кітаптарындағы үкімдерді қабыл етулері 
осындай таңғажайып қорқыту арқылы ғана жүзеге асты. Аллаһ 
тағала:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет