239
ШАМУИЛ (АЛӘЙҺИС-СӘЛӘМ)
Бұдан кейін исраилдіктер арасында күпірлік, азғындық пен
бұзықтық тағы арта түсті. Тіпті олар пайғамбарлардың қанын
төгіп, бір күнде үш пайғамбарға дейін өлтірген күндері болды.
Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Исраил ұрпақтарын пайғамбарлар басқарды. Әрбір
пайғамбар өлген сайын, орнына басқа бір пайғамбар келетін»
,
– деген
1
.
Яғни пайғамбарсыз күндері өтпеген.
Исраилдіктер
пайғамбарларына бағынбай, оларды өлтіруге
көшкен соң, орнына патшалар үкім жүргізе бастады. Билік
басына патшалардың келуімен исраилдіктер зұлымдыққа ұшырап
езгіге, құлдыққа түсіп, тоқырауға тап болды.
Нәтижесінде, олар
қатарынан бірнеше шайқаста жеңіліс тапты. Солардың бірінде
амалиқ тайпасынан ойсырай жеңіледі. Амалиқтар алып тұлғалы,
еңселі адамдар еді. Шайқастардың бірінде олар исраилдіктердің
қасиетті табыттарын қолдарына түсіреді.
Бұл табытты
исраилдіктер тәбәрік тұтып, әр соғыста өздерімен бірге алып
жүретін. Олар соғыс барысында табытқа қараса, бойларына күш
бітіп, жігерлене түсетін. Бұл табыттың ішінде Мұсаға түскен
Тәурат
тақталары, оның жыланға айналатын асатаяғы, киімдері,
Һарунның кейбір заттары және көктен түскен
желім шырын
сақталған-ды. Исраилдіктер оларды қатты қастерлейтін. Табыт
амалиқтардың қолына өткен сәттен бастап исраилдіктердің
арасында
іріткі пайда болып, бытыраңқылық орын алды. Тіпті
олар патшасыз қалып, басқару орталығынсыз шашыраңқылықта
өмір сүрді. Исраилдіктер осылай тозып жүргенде, Аллаһ
тағала
оларға Шамуилді пайғамбар қылып жіберді. Сондай-ақ ол
Шамғун деп те аталады. Бұл – яһуди тілінде Эшмауил (Исмаил)
деген есімнің баламасы.
1
Хадисті әл-Бұхари мен Муслим жеткізген.