БөЖ (Білім алушының өзіндік жұмысы) Тақырыбы: Құтбтың «Хұсрау – Шырын»



Дата26.11.2022
өлшемі174,33 Kb.
#52746
Байланысты:
Бөж 3топ


БӨЖ (Білім алушының өзіндік жұмысы)
Тақырыбы: Құтбтың «Хұсрау – Шырын» дастанының көркемдік ерекшелігі, дастандағы Хұсрау және Шырын бейнесі
Орындағандар: 3-топ (Ермек Аружан,Аманжол Жанна,Еркінқызы Айдана,Құлбек Аяулым,Оман Жұлызай,Ақынова Айнұр)
Құтбтың «Хұсрау – Шырын» дастанының көркемдік ерекшелігі:
Құтбтың «Хұсрау - Шырын» дастанының жалпы көлемі – 120 парақ, яғни 240 бет. Дастан 4740 бәйіттен тұрады. Соның 4685 бәйіті, ақынның өзі жазған жыр жолдары. Қалғандары шығарманы көшірушілер тарапынан қосылған өлеңдер болып келеді. Дастан 91 тараудан тұрады. Бұл дастанның жалғыз дана көшірмесі біздің заманымызға дейін сақталып жеткен. Қолжазба қазір Парижде кітапханада сақталып келед.
Құтбтың қыпшақ – оғыз тіліне аударған «Хұсрау — Шырын» дастаны ұлы Низамидің прогрессивті ой –пікірлерін білдіре отырып, сонымен бірге XIV ғасырдағы Алтын Орда мемлекетінің ішкі және сыртқы қоғамдық –әлеуметтік мәселелерін де зор шеберлікпен ашып көрсетеді. Бұл дастанда діни – мистикалық әдеби шығармаларға қарсы бағытталған осы өмірді нақты шындығы бейнеленеді. Ақын адамгершілікке, әділдікке, ынсапты болуға, туған жерді туған анаңдай жақсы көруге, қара бастың қамынан гөрі халық мүддесін қашанда жоғары қоя білуге, өнер –білімді игеруге, махаббатқа адал болуға үндейді.
Кітаптың аудармалары:
Шығыс поэзиясының ең таңдаулы үлгілерін көркем аударма жасаудың кеңінен тараған кезінде өзіндік бірнеше түрлі дәстүрі, әдісі болған. Мәселен, назирагөйлік әдісінде өзінен бұрынғы ақын жазған сюжетті, образды, тақырыпты бетке ұстай отырып, аудармашы идеясы мен мазмұны, көркемдігі мен формасы жағынан мүлдем жаңа шығарма жазып шыққан. Ал көркем аударма әдісі бұдан өзгешелеу болып келеді. Мұндай әдісті қолданғанда аудармашы — ақын өз жанынан азды — көпті өзгерістер, жеке эпизод, ой — пікірлер енгізуі мүмкін болған. Дегенмен, түпнұсқаның жанры мен негізгі ерекшеліктері сақталып отырған. 

«Хұсрау — Шырын» дастаны қазақтың лиро – эпостық жырларымен сарындас, үндес, соларға мейлінше жақын болып келеді. Мұны Құтбтың дастанының идеясы мен мазмұны, компазициялық құрылысы мен баяндау тәсілдері, көріктеу құралдары т.б. толық дәлелдейді.


Құтб ақын «Хұсрау-Шырынды» аударғанда дәстүрлі тақырыпқа шығарма жазудың осы әдісін шебер қолданған. Ол түпнұсқадағы идея мен сюжетті, мазмұн мен форманы, дастандық көркемдек ерекшеліктерін сақтай отырып, оған өз дәуірінің – XIV ғасырдағы Алтын Орда мемлекетінде орын алған әлеуметтік құбылыстарды табиғи түрде енгізе білген.
«Хұсрау-Шырынның» қолымыздағы А.Зайончковский жариялаған түпнұсқасын қарастыра отырып (1958), Құтб дастанын бүгінгі қазақ тіліне аударып, жарыққа шығару қажеттігі алда тұрған келелі істердің бірі екеніне көз жеткізгендей болдық. Шығармадағы өлең жолдары қазақ оқушысына түсінікті, құлаққа құйылып тұрғандай əсер ететіні аңғарылады.
Мысалы:
Биссмиллəһи рахмани рахим,
Илаһи тауфықың қабғұн ача бер,
Көңүлгə тахматың ұрұғын сача бер.
Көңіл бер кім йақұнұңға йарасұн,
Азұн қафлəт бұ көңлүмдүн йурасын.
Бұ көңлүм көзгүсін сайқал құлу бер,
Қамұғ мүшкүллəрімні хал құлу бер
Аудармасы:
Е, Алла, таупығыңның қабағын аша бер
(көмегіңді аяма),
Көңіліме рақым ұрығын шаша бер
(шапағатыңды шаша бер).
Мейіріміңді түсір, саған жақын болуға жарайын,
Бар қателігім бұл көңілімнен жырақ болсын.
Бұл көңілім айнасын анық қылып бер,
Барлық мүшкіл халімді дұрыс қылып бер.
Хұсрау және Шырын бейнесі:
«Хұсрау — Шырын» дастанының басты қаһарманы — Шырын. Дастанда Шырын тек сұлу қыз, адал жар ғана емес, сонымен бірге ол — әділетті патша, халық қамқоршысы. Сондай -ақ ол дастанның екінші бір басты қаһарманы — Хұсрауды қайта тәрбиелеген мейірбанды жан. Шырын өз елінде ғана емес, сүйген жігіті Хұсраудың мемлекетінде де әділдік пен тыныштық, дәулетті, тұрмыс – тіршілік орнатуға барынша күш салады. Шырын өз махаббатына өле- өлгенше адал жан. Құтб осы Шырын образы арқылы мемлекетті қашанда әділ, білімді, инабатты, мейірбанды жандар басқаруы керек деген пікір айтады.
Дастандағы ең күрделі образ — Хұсрау бейнесі. Хұсрау шығармада екі түрлі қырынан көрінеді. Бірі — махаббатқа опасыз, ойын –сауыққа құмар, жеңіл мінезді, залым Хұсрау. Екіншісі — елге қайырымды, әділ патша Хұсрау. Дастанда осы екі Хұсрау арасында ұзақ уақыт күрес болады. Біресе Хұсраудың жағымды мінез — құлқы женіп, ал келесі жолы ұнамсыз жақтары басым түсіп жатады. Ол көңіл көтеру қамын ойлап, ойын –сауыққа берілген кездерінде мемлекетті басқару істерін ұмытып кетеді. Хұсрау бойындағы сүйіспеншілік сезімі алғаш тұрақсыздау болып келеді. Сол кезде ол Мариямға, кейінірек Шекерге үйленеді. Ол шынайы сезімнің өзін өткінші нәрсе деп біледі. Бірақ Хұсрау бұл күйінде қалмайды. Шырынның ақыл –парасаты арқасында өзгереді. Өз сүйгені жолында ажалдан да тайсалмайтын қаһарманға айналады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет