Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


әйелді таратқан Раббыларыңнан қорқыңдар»



Pdf көрінісі
бет23/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   266
әйелді таратқан Раббыларыңнан қорқыңдар»
1
деген аят бар.
Сонымен, Адам атадан Хауа ана жаратылды. Ибн Аббас 
(Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): 
«Адам ұйқысынан оянған 
кезде алдында отырған әйелді көрді. Одан: «Сен кімсің?» – деп 
сұрады. Ол: «Әйелмін», – деп жауап берді. Адам: «Не үшін 
жаратылдың?» – деді. «Сенімен тұру үшін», – деді Хауа ана. 
Періштелер бұл әйелді көріп, Адамға келіп, ол туралы сұрады. 
Өйткені ол Адам атаға ұқсамайтын еді. Олар: «Оның аты кім?» 
– деді. Адам: «Хауа», – деп жауап берді. Оған мұны білдірген 
Аллаһ тағала еді. Сонда олар: «Неге оған Хауа деген ат берілді?» 
– деп сұрады. Адам: «Өйткені ол тірі нәрседен жаратылды»
2
, – 
деді»
, – деп риуаят еткен.
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын) жеткен хадисте 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): 
«Кімде-кім Аллаһқа және Ақирет 
күніне иман келтірсе, бір іске куәлік берген кезінде
жақсылықты айтсын не үндемесін. Әйелдермен жақсы 
қатынаста болыңдар, өйткені әйел қабырғадан жаратылған, 
ал қабырғалардың ең қисық жері – жоғарғы бөлігі, оны 
түземек болсаң, сындырып аласың, ал жөніне қалдырсаң, сол 
1
«Ниса» сүресі, 1-аят. 
2
Яғни Адамнан жаратылды. (Араб тілінде хай – «тірі» деген мағына 
береді. «Хауа» сөзі – «хай» сөзінен шыққан туынды сөз). 


29
 
 
қисық күйінде қалады, 
(сондықтан)
әйелдермен жақсы 
қатынаста болыңдар»
1
, – деген. 
Сахих хадистерде Ибраһимнің әйелі Сарраның адамзат 
тарихында Хауа анадан кейінгі ең көрікті әйелдердің бірі 
болғандығы баян етіледі. Бұл хадис Хауа ананың адамзат 
жаратылғаннан Қиямет күніне дейін ең сұлу әйел болып 
қалатындығын көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет