Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


Олар: «Ақиқатында, біз онымен жіберілгенге иман



Pdf көрінісі
бет65/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   266
Олар: «Ақиқатында, біз онымен жіберілгенге иман 
келтіреміз», – деді. Өздерін жоғары санағандар: «Ал, біз 
сендер иман келтіргенге сенбейміз», – деді»
1
.
Яғни сендер иман келтірген нәрселердің барлығын жоққа 
шығарамыз.
Бірақ Салих пайғамбар қауымын тура жолға шақыруды бір 
сәтке де доғармады. Мұның соңы оны елінің қуғынға 
ұшыратуына әкеліп соқты. Сонда олар:
«Біз сені және сенімен бірге болғандарды кесірлі деп 
санаймыз»
2
, – деді.
Яғни «біздің сені көргіміз келмейді. Сен басымызға пәле 
болдың. Бізден аулақ жүр» деді. Сонда Салих:
«Кесір деп санағандарың Аллаһтан. Негізінде сендер 
сынақ етіліп жатқан елсіңдер»
3
, – деді. 
Сонымен, олардың арасындағы жағдай ашық дұшпандыққа 
айналды. Олар Салихпен әңгімелесуден бас тартып, оны 
жамандық әкеледі деп есептеді. Ал Салих елін күтіп тұрған 
азаппен қорқытты. Оларға: 
«Ей, халқым! Айтыңдаршы, егер 
мен Раббымнан анық дәлелде болсам және Ол Өзінен маған 
бір мейірім еткен болса да, мен Оған қарсы келсем, сонда 
Аллаһтан мені кім қорғайды? Сонда сендер маған зияннан 
басқаны арттырмайсыңдар»
4
, – деді.
Яғни ойланыңдаршы, мен – хақ пайғамбармын. Ал сендер 
мені күнә істеуге итермелейсіңдер. Егер мен Оған қарсы шықсам, 
онда мен де, сендер де – барлығымыз зиян көреміз.
Сонда олар оған қарсы шығып:
1
«Ағраф» сүресі, 75-76 аяттар. 
2
«Нәмл» сүресі, 47-аят. 
3
«Нәмл» сүресі, 47-аят. 
4
«Һуд» сүресі, 63-аят. 


75
 
 
«Сен – біз тәрізді адам ғанасың. Егер шыншылдардан 
болсаң, бір белгі әкел»
1
, – деп айтты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет