Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


жаратқан Аллаһтың олардан көрі күштірек екендігін білмеді



Pdf көрінісі
бет61/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   266
жаратқан Аллаһтың олардан көрі күштірек екендігін білмеді 
ме? Олар аяттарымызға қарсы келді»
4
, – деген. 
Аллаһ тағала бұл дауылдан Һудты құтқарды. Ол:
1
«Зәрият» сүресі, 41-42 аяттар. 
2
«Қамар» сүресі, 18-21 аяттар. 
3
«Хаққа» сүресі, 6-8 аяттар. 
4
«Фуссиләт» сүресі, 15-аят. 


70
 
 
«Сонда Біз оны және онымен бірге болғандарды Өзімізден 
болған бір мейіріммен құтқарып, аяттарымызды өтірікке 
шығарғандардың артын үздік»
1
, – дейді. 
Һуд және оған ерген адамдар орналасқан жерге дауыл тимеді. 
Жан-жағындағылардың барлығының быт-шытын шығарды. Одан 
тек иман келтірген бір топ мүмін адамдар және олардың малдары 
ғана аман қалды. Аллаһ тағала: 
«Әміріміз келген кезде Һудты және онымен бірге иман 
келтіргендерді Өз тарабымыздан бір мейіріммен құтқардық. 
Сондай-ақ оларды ауыр азаптан құтқардық. Осы ад елі 
Раббыларының аяттарына қарсы келіп, Оның елшілерін 
мойындамай, әрбір зорлықшыл тоңмойындардың әміріне 
бағынды. Бұл дүниеде де, Қиямет күнінде де олардың қыр 
соңынан лағынет қалмады. Естеріңде болсын! Ад елі 
Раббыларына қарсы болды. Естеріңде болсын! Һудтың 
қауымы – ад 
(мейірімнен)
 аулақ болсын!»
2
– деп айтқан. 
Бұл ад қауымының соңы еді. Осы оқиғадан соң иман келтірген 
адамдар сол жерде өмір сүруді жалғастырды. Һуд дүниеден өтті. 
Ол Хадрамаутқа жерленді. 
Һуд қиссасының ғибраты 
Ад қауымының 
«Сендерге бұл ескертілген нәрсе 
(Қиямет)
 
ұзақ, тым ұзақ! Дүниедегі тіршілігіміз ғана – тіршілік. 
Кейбіріміз өлеміз, кейбіріміз өмір сүреміз де, қайта 
тірілмейміз»
деген сөзінен ұғарымыз: қазіргі таңдағыдай, сол 
кезде де өлгеннен кейін қайта тірілер күн бар екеніне 
сенбейтіндер болған. 
1
«Ағраф» сүресі, 72-аят. 
2
«Һуд» сүресі, 58-60 аяттар. 


71


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет