Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет75/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   266
туралық берген едік
2
 және Біз оны білетінбіз»
3
, – деген.
Ол дағуатын өз әкесінен бастады. Бұл туралы Аллаһ тағала: 
«
(Мұхаммед!) 
Кітаптағы Ибраһимді есіңе ал. Расында, ол 
шыншыл пайғамбар еді. Сол уақытта әкесіне: «Ей, 
әкетайым! Естімес, көрмес, сондай-ақ өзіңе бір пайдасы жоқ 
нәрсеге неге табынасың?! Ей, әкетайым! Расында, маған 
саған келмеген бір білім келді. Сондықтан маған ілес. Сені 
тура жолға салайын. Ей, әкетайым! Шайтанға сыйынба! 
Өйткені шайтан әр-Рахманға 
(Аллаһқа)
қарсы болған. Ей, 
әкетайым! Сені әр-Рахман тараптан азап қолға алып
шайтанға дос болып қалуыңнан қорқамын», – деді. Сонда 
(әкесі)
: «Ей, Ибраһим! Сен тәңірлерімнен бет бұрасың ба? 
1
«Шұғара» сүресі, 69-74 аяттар. 
2
Яғни Ибраһим (аләйһис-сәләм) ешқашан пұтқа табынбаған. 
3
«Әнбия» сүресі, 50-аят. 


86
 
 
Егер мұны қоймасаң, әрине, сені таспен атамын. Сондай-ақ 
өзің менен аулақ бол!» – деді»
1
, – деген. 
Бірақ Ибраһим мейірбандылық пен жанашырлық сезімімен 
әкесіне: 
«Саған амандық болсын. Сені Раббымның кешіруін 
тілеймін. Өйткені Ол маған өте Қамқор»
2
, – деді. 
Ол әкесіне Аллаһтан кешірім тілеуге уәде етті. Әбу 
Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын) жеткен хадисте 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): 
«Қиямет күні Ибраһим әкесі Азарды 
кездестіреді. Азардың жүзі қарайып, шаң басқан болады. 
Ибраһим оған: «Маған қарсы келме деп айтпап па едім 
саған?» – дейді. Әкесі: «Енді бүгін саған қарсы келмеймін», – 
дейді. Ибраһим: «Уа, Раббым! Расында, Сен қайта тірілер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет